Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 2682,1 гектар Астрахан ауданы Астрахан ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін.
2. Астрахан ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Астрахан ауданының әкімі |
Н.Сеилов |
|
Астрахан аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Мальков |
|
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Қожахмет |
| Бірлескен Астрахан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы № 32 қаулысына және |
|
| Астрахан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 7С-3-3 шешіміне қосымша |
Астрахан ауданы Астрахан ауылы жерлерінің экспликациясы
| Гектар |
Жалпы алаңы | Ауыл шаруашылық алқаптарының барлығы | Оның ішінде | Су астында | Жолдар астында | Құрылыстар астында | Басқалар | |
Жайылымдар | Егістік | ||||||
2682,1 | 1795,0 | 1795,0 | 0 | 3,0 | 10,0 | 516,0 | 358,1 |
