ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 17.10.2025 № 298-ОД (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жекелеген салаларда пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі белгіленсін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі сынақ зертханалары (орталықтары) және (немесе) техникалық реттеу объектілеріне техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтар жүргізуді қамтамасыз ететін сәйкестікті растау органдарының сынақ зертханалары (орталықтары) үшін қолданылады;
2) осы тармақшаның 1) тармақшасында көзделмеген, заңды негізде сәйкестікті растау органының сынақ зертханасына (орталығына) тиесілі, техникалық регламенттердің көрсеткіштері бойынша аккредитация саласында мәлімделген өнімнің сипаттамаларына (көрсеткіштеріне) зерттеулер (сынақтар) жүргізуді қамтамасыз ететін, пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі 100 (жүз) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан өнімнің сипаттамаларына (көрсеткіштеріне) зерттеулер (сынақтар) жүргізуді қамтамасыз ететін, пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемін есептеу кезінде әрбір техникалық регламент бойынша бөлек саналады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 17.10.2025 № 298-ОД (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Сынақ зертханалары (орталықтары) және (немесе) сәйкестікті растау органдарының сынақ зертханалары (орталықтары) аккредиттеу саласында қамтамасыз етілуін есептеу кезінде анықтау үшін тиісті жабдықты қолдануды қажет ететін объектілердің сипаттамаларын (көрсеткіштерін) ескеру қажет.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 17.10.2025 № 298-ОД (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 17.10.2025 № 298-ОД (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығына 1-қосымша |
Жекелеген салалардағы пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі
Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 17.10.2025 № 298-ОД (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Салалар | Өнім атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды* | Меншік құқығымен тиесілі зертханалық жабдықтарды пайдалану көлемі, % |
1 | 2 | 3 | 4 | |
1 | Көлік | Бірлі-жарым көлік құралдары | 87 | 95 |
2 | Құрылыс | Үлес салмағы 2,5 немесе одан көп ескерткіштерге немесе құрылысқа арналған мәрмәр, травертин немесе әктас туф, экауссин және басқа әктастар және ірі ұсақталған немесе ұсақталмаған, кесілген немесе кесілмеген не басқа тәсілмен блоктарға немесе тікбұрышты (төртбұрыштыны қоса алғанда) пішінді тақталарға бөлінген алебастр | 2515 | 90 |
3 | Құрылыс | Ескерткіштерге немесе құрылысқа арналған өзге, ірі ұсақталған немесе ұсақталмаған, кесілген немесе кесілмеген не басқа тәсілмен блоктарға немесе тікбұрышты (төрт бұрыштыны қоса алғанда) пішінді тақталарға бөлінген гранит, порфир, базальт, құмтас және тас | 2516 | 90 |
4 | Құрылыс | 2825 тауар позициясында көрсетілген кальций оксиді мен гидроксидінен басқа, сөндірілмеген, сөндірілген және гидравликалық әк | 2522 | 90 |
5 | Құрылыс | Боялмаған немесе боялған, дайын немесе клинкерлер пішініндегі портландцемент, глиноземдік цемент, қож цемент, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер | 2523 | 90 |
6 | Құрылыс | Табиғи тастан жасалған төсемтас, жиектастар және төсеуге арналған тақталар (сланецтен басқа) | 6801 00 000 0 | 90 |
7 | Құрылыс | Ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (сланецтен басқа) және 6801-тауар позициясының тауарларынан басқа, одан жасалған бұйымдар; мозаикаға арналған кубиктер және табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған, негізіндегі немесе онсыз ұқсас бұйымдар; жасанды боялған табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған түйіршіктер, үгінділер және ұнтақ | 6802 | 90 |
8 | Құрылыс | Төсеуге арналған тақталар, едендерге, пештерге, каминдерге немесе қыш қабырғаларға арналған қаптауыш тақтайшалар; мозаикалық жұмыстарға арналған қыш кубиктер және негізіндегі немесе онсыз ұқсас бұйымдар; әрлеу қыш бұйымдары | 6907 | 90 |
Ескертпе: * – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.
| Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығына 2-қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 17.10.2025 № 298-ОД (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақ көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5353 болып тіркелген).
2. "Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 144 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19794 болып тіркелген).
3. "Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 277-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22552 болып тіркелген).