ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жекелеген салалардағы зертханалық жабдықтың көлемін (тізбесін) белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22838 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жекелеген салалардағы пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемін белгілеу туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жекелеген салаларда пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі белгіленсін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі сынақ зертханалары (орталықтары) және (немесе) техникалық реттеу объектілеріне техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтар жүргізуді қамтамасыз ететін сәйкестікті растау органдарының сынақ зертханалары (орталықтары) үшін қолданылады;
2) осы тармақшаның 1) тармақшасында көзделмеген, заңды негізде сәйкестікті растау органының сынақ зертханасына (орталығына) тиесілі, техникалық регламенттердің көрсеткіштері бойынша аккредитация саласында мәлімделген өнімнің сипаттамаларына (көрсеткіштеріне) зерттеулер (сынақтар) жүргізуді қамтамасыз ететін, пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі 100 (жүз) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан өнімнің сипаттамаларына (көрсеткіштеріне) зерттеулер (сынақтар) жүргізуді қамтамасыз ететін, пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемін есептеу кезінде әрбір техникалық регламент бойынша бөлек саналады.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сынақ зертханалары (орталықтары) және (немесе) сәйкестікті растау органдарының сынақ зертханалары (орталықтары) аккредиттеу саласында қамтамасыз етілуін есептеу кезінде анықтау үшін тиісті жабдықты қолдануды қажет ететін объектілердің сипаттамаларын (көрсеткіштерін) ескеру қажет.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.";
бұйрыққа қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
| "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығына 2-қосымша". |
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі |
А. Шаққалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Жекелеген салалардағы пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі
№ | Салалар | Өнім атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды* | Меншік құқығымен тиесілі зертханалық жабдықтарды пайдалану көлемі, % |
1 | 2 | 3 | 4 | |
1 | Көлік | Бірлі-жарым көлік құралдары | 87 | 95 |
2 | Құрылыс | Үлес салмағы 2,5 немесе одан көп ескерткіштерге немесе құрылысқа арналған мәрмәр, травертин немесе әктас туф, экауссин және басқа әктастар және ірі ұсақталған немесе ұсақталмаған, кесілген немесе кесілмеген не басқа тәсілмен блоктарға немесе тікбұрышты (төртбұрыштыны қоса алғанда) пішінді тақталарға бөлінген алебастр | 2515 | 90 |
3 | Құрылыс | Ескерткіштерге немесе құрылысқа арналған өзге, ірі ұсақталған немесе ұсақталмаған, кесілген немесе кесілмеген не басқа тәсілмен блоктарға немесе тікбұрышты (төрт бұрыштыны қоса алғанда) пішінді тақталарға бөлінген гранит, порфир, базальт, құмтас және тас | 2516 | 90 |
4 | Құрылыс | 2825 тауар позициясында көрсетілген кальций оксиді мен гидроксидінен басқа, сөндірілмеген, сөндірілген және гидравликалық әк | 2522 | 90 |
5 | Құрылыс | Боялмаған немесе боялған, дайын немесе клинкерлер пішініндегі портландцемент, глиноземдік цемент, қож цемент, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер | 2523 | 90 |
6 | Құрылыс | Табиғи тастан жасалған төсемтас, жиектастар және төсеуге арналған тақталар (сланецтен басқа) | 6801 00 000 0 | 90 |
7 | Құрылыс | Ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (сланецтен басқа) және 6801-тауар позициясының тауарларынан басқа, одан жасалған бұйымдар; мозаикаға арналған кубиктер және табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған, негізіндегі немесе онсыз ұқсас бұйымдар; жасанды боялған табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған түйіршіктер, үгінділер және ұнтақ | 6802 | 90 |
8 | Құрылыс | Төсеуге арналған тақталар, едендерге, пештерге, каминдерге немесе қыш қабырғаларға арналған қаптауыш тақтайшалар; мозаикалық жұмыстарға арналған қыш кубиктер және негізіндегі немесе онсыз ұқсас бұйымдар; әрлеу қыш бұйымдары | 6907 | 90 |
Ескертпе: * – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.
