ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Канонерка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Канонерка ауылдық округінің Канонерка ауылындағы телефон кәрізін пайдалану үшін көлемі 0,1354 га болатын жер теліміне, телімді алып қоймайтын 10 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін, есептік кварталы 05-240-029.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберілуін;
3) осы шешімді Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етісн.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Канонерка ауылдық округі әкімі | О. Болысбеков |
