"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 3)-тармақшасына сәйкес, Отырар ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауылдық округінің Аққұм және Ешкі қора ауылдары таратылсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен қаулы және шешім оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |
| Түркістан облыстық мәслихат | |
| сессиясының төрағасы | Р. Танирбергенов |
| Түркістан облыстық | |
| мәслихатының хатшысы | К. Балабиев |
| А.Ш. Жетпісбай | |
| Ә.Е. Тұрғымбеков | |
| Ж.Е. Аманбаев | |
| С.А. Қалқаманов | |
| М.И. Мырзалиев | |
| Ұ.Қ. Тәжібаев | |
| А.А. Абдуллаев | |
| А.Б. Тасыбаев |
