Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 22 қазандағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольское ауылы халқының пікірін ескере отырып, Светлопольск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі Новоникольское ауылынның атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№1 атауы жоқ көше – Мектеп көшесі;
№2 атауы жоқ көше – Береке көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округінің әкімі |
М.Жакаева |
| Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 ақпаны № 2 шешіміне қосымша |
Светлопольск ауылдық округі Новоникольское ауылының атауы жоқ көшелеріне атаулар беру бойынша схемалық карта

Светлопольск ауылдық округінің әкімі М. Жақаева
