Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда орыс тілінде , қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Павлодар қаласы Ленин кенті әкімінің 09.11.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Ленин кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар қаласы Ленин кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе - орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Павлодар қаласы Ленин кенті әкімінің 09.11.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Павлодар қаласының Ленин кентінде келесі көшелері:
"Автомобилисттер" көшесін - "Жібек жолы" көшесі;
"Добролюбов" көшесін - "Малайсары батыр" көшесі;
"Карьерная" көшесін - "Береке" көшесі;
"Клубная" көшесін - "Керуен" көшесі;
"Линейная" көшесін - "Ш. Уәлиханов" көшесі;
"Маслозаводская" көшесін - "Олжабай батыр" көшесі;
"Новоселовка" көшесін - "Көкжиек" көшесі;
"Новая" көшесін - "Түркістан" көшесі;
"Павлодарская" көшесін - "Сарыарқа" көшесі;
"Пионерская" көшесін - "Гауһар батыр" көшесі;
"Парковая" көшесін - "Тұран" көшесі;
"Подстанция" көшесін - "Ертіс" көшесі;
"Степная" көшесін - "Саржайлау" көшесі;
"Солнечная" көшесін - "Абылай хан" көшесі;
"Станционная" көшесін - "Ақжол" көшесі;
"Тракторная" көшесін - "Болашақ" көшесі;
"Титов" көшесін - "Қазыбек би" көшесі;
"Урожайная" көшесін - "Қабанбай батыр" көшесі;
"Целинная" көшесін - "Бұқар жырау" көшесі;
"Шоссейная" көшесін - "Жасыбай батыр" көшесі;
"Элеваторная" көшесін - "Торайғыр би" көшесі;
"Южная" көшесін - "Бөгенбай батыр" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ленин кентінің әкімі | М. Алшимбаева |
