"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" 2020 жылғы 28 тамыздағы № 69 шешіміне (2020 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9422 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі 2-қосымшасында 15-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кезекті жиырмасыншы сессиясының төрағасы, Денисов аудандық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы | С. Шерер |
