“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №1 қорытындысына сәйкес, Мәдениет ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылының келесі көшелері:
1) “Мектеп” көшесі “Айнаш Балғабаева” есімімен;
2) “8 Март” көшесі “Зарлық Қауқаев” есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәдениет ауылдық округінің әкімі | О. Абтыкалыков |
