Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Восход-Oriel" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 1332 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 9 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуты белгіленсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 17.07.2025 № 188 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскесін пайдаланған кезде "Восход-Oriel" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 17.07.2025 № 188 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С.Жаконовке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Хромтау ауданының әкімі |
Н. Алдияров |