"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Хромтау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 169 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысының 1, 2 тармағындағы "Mamyt Geo Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деген сөздер "Восход-Oriel" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің орынбасары А. Райысұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің м. а. | С. Жаконов |
