Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Красноармейка ауылдық округі Красноармейка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 9 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Красноармейка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар ауданының Красноармейка ауылдық округі Красноармейка ауылының келесі көшелері:
"Западная" көшесі "Бастау" көшесі болып;
"Строительная" көшесі "Астана" көшесі болып;
"Садовая" көшесі "Жасыл ел" көшесі болып;
"Заготзерновская" көшесі "Ақ бидай" көшесі болып;
"Элеваторская" көшесі "Мереке" көшесі болып;
"Школьная" көшесі "Ұстаздар" көшесі болып;
"Механизаторская" көшесі "Еңбекші" көшесі болып;
"Калинина" көшесі "Жұмабек Тәшенов" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Красноармейка ауылдық | |
| округінің әкімі | А. Вакпаев |
