Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданының Майқоңыр ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 23 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Майқоңыр ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Майқоңыр ауылының келесі көшелері:
"Дзержинского" көшесі "Астана" көшесі болып;
"Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауыл әкімі | Қ. Нұрғажинов |
