Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі баскару туралы" Заңына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қортындысы негізінде, Есіл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров ауданы Есіл ауылдық округіндегі Колхозное ауылының көшелері келесідей:
1) Трактористов көшесі Сарыарқа көшесіне;
2) Ленина көшесі Қазақстан көшесіне;
3) Красноармейская көшесі Астана көшесіне;
4) Октябрьская көшесі Бастау көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | Е. Сандалиди |
