РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің Бозайғыр ауылы мен Төңкеріс бекетінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы" бірлескен Шортанды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № А-4/116 қаулысы мен Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4833 тіркелген, 2015 жылғы 27 маусымда "Вести", "Өрлеу" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1 қосымшасында ""Жасыл Аймақ" РМК" сөздері ""Жасыл Аймақ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 2 қосымшасы осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Шортанды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Шортанды ауданының әкімі |
Г.Сәдуақасова |
|
Шортанды аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
В.Волокитин |
|
Шортанды аудандық мәслихатының хатшысы |
Д.Отаров |
Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің Төңкеріс бекеті жерлерінің экспликациясы
гектар
Елді мекеннің атауы | Жоспар шекараларындағы жерлер, барлығы | Соның ішінде | ||||||
Бекітілетін алаң | Соның ішінде | Бөгде адамдардың пайдалануындағы жерлер | ||||||
Егістік | Жайылымдар | Құрылыс астында | ||||||
Табиғи | Түбегейлі жақсартылған | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | "Жасыл Аймақ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны | |||||
Төңкеріс бекеті | 1114,3 | 1054,2 | 15,0 | 906,1 | 2,2 | 130,9 | 40,6 | 19,5 |
