Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Разумовка ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссияның қорытындысы негізінде, Разумовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай ауданы Разумовка ауылдық округінің елді мекендерінің келесі көшелері:
1) Андриановка ауылы бойынша:
"Комсомольская" көшесі "Достық" көшесі;
"Школьная" көшесі "Мектеп" көшесі;
"Невская" көшесі "Мереке" көшесі болып қайта аталсын.
2) Разумовка ауылы бойынша:
"Мира" көшесі "Береке" көшесі болып қайта аталсын.
3) Барлыбай ауылы бойынша:
"Ленина" көшесі "Орталық" көшесі;
"Комсомольская" көшесі "Жас Ұлан" көшесі;
"Ленинградская" көшесі "Достық" көшесі;
"Школьная" көшесі "Мектеп" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Разумовка ауылдық | |
| округінің әкімі | О. Абельдинова |
