Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 70/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аршалы аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 тіркелген, 2013 жылғы 27 қыркүйекте аудандық "Аршалы айнасы" газетінде, 2013 жылғы 27 қыркүйекте аудандық "Вперед" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9-тармақ келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар - бір рет он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Сүлейменов |
|
Аршалы аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ.Шедербеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Аршалы ауданының әкімі |
А.Тайжанов |
2018 жылғы 15 наурыз
