"Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3-тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1124 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 тамыздағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібінде:
2-тармақтағы "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" деген сөздер "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы" деген сөздер "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін қажет болған жағдайда, сондай-ақ тоқсан сайын бір рет:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлық қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментімен – Тәртіптің 5-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар туралы;
әкімшімен – 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасылар бойынша мәліметтер (электрондық және қағаз жеткізгіштерде) Басқармаға ұсынылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға;
2) жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнеткерлерге, сонымен қатар жасына байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
3) көп балалы аналарға;
4) көп балалы отбасыларға;
5) мүгедектерге;
6) он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, оның ішінде ата-анасының (заңды өкiлдерінің) біреуіне ұсынылады.".
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрайымы |
Р. Өмірбаева |
|
Астана қаласы мәслихатының хатшысы |
Ж. Нұрпейісов |
