"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 4 қорытындысына сәйкес Төңкеріс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданының Төңкеріс ауылдық округі Шеген Қодаманов ауылының атауы жоқ көшесіне "Қожахмет Үкітаев" есімі берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төңкеріс ауылдық | |
| округі әкімі | М. Әшірбеков |
