"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жән өзін-өзі бақару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3 қортындысына сәйкес Байкенже ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. Жаңақорған ауданы Байкенже ауылдық округінің Байкенже ауылындағы атауы жоқ көшеге "Берікқара Байдалиев" есімі берілсін.
2. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Байкенже ауылдық округі әкімі | Ж. Өткелбай |
