"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес, Сүттіқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданының Сүттіқұдық ауылдық округінің Сүттіқұдық ауылындағы атауы жоқ көшеге "Шуақбай Торғаев" есімі берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім міндетін уақытша атқарушы | Б. Ақтанов |
