“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3 қорытындысына сәйкес Бұқарбай батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылындағы Бұқарбай батыр көшесінде орналасқан скверге "Нұраш Данилов" есімі берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бұқарбай батыр ауылдық округінің әкімі | Н.Жонтаев |
