Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бекітілсін:
1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Шардара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары;
2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Шардара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | К.Әбдікерім |
| Аудандық мәслихат | |
| хатшысының уәкілеттігін | |
| уақытша атқарушы | Р.Қарабаева |
| Шардара аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы 41-245-V шешіміне 1 қосымша |
Шардара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
| № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Орташа жылдық жинақталу нормалары, м3 |
| 1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,95 1,061 |
| 2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,0 |
| 3 | Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,0 |
| 4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,3992 |
| 5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,275 |
| 6 | Емханалар | 1 адам | 0,275 |
| 7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,0 |
| 8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,12 |
| 9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 0,0001 |
| 10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 орын | 0,2 |
| 11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
| 12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,2 |
| 13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
| 14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 1,23 |
| 15 | Машиналардан сату | Сауда орны 1 м2 | - |
| 16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,9091 |
| 17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,974 |
| 18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
| 19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
| 20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
| 21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
| 22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
| 23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,91 |
| 24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 0,107 |
| 25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,2 |
| 26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | - |
| 27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,2 |
| 28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,27 |
| 29 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,06 |
| 30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,06 |
| 31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
| 32 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | - |
| 33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,0019 |
| Шардара аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы 41-245-V шешіміне 2 қосымша |
Шардара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері
| № | Атаулары | Есептік бірлік | Баға, теңгемен |
| 1 | Коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету тарифтері | | |
| 1.1 | Жайсыз үйлер | 1 адам | 121 |
| 1.2 | Жайлы үйлер | 1 адам | 108 |
| 1.3 | Заңды тұлғалардан | 1 текше метр | 1727 |
| 2 | Коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері | | |
| 2.1 | Жеке тұлғалар | 1 текше метр | 175 |
| 1 тонна | 875 | ||
| 2.2 | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 228 |
| 1 тонна | 1140 |
