1. Жайсаң селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Жайсаң селолық округі әкімінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 1 "Жайсаң селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-65 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
мемлекеттік тіліндегі атауында "селолық", "округіне қарасты" сөздері "ауылдық", "округінің" сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі атауында "названий" сөзі "наименования" сөзімен ауыстырылсын;
кіріспесіндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" деген сөздер алынып тасталсын.
1, 2 тармақтары біріктірілсін және мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Жайсаң ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелеріне келесідей атаулар берілсін:
Жанатаң ауылында – Шаруа;
Хозаул ауылында – Болашақ.";
2) Жайсаң селолық округі әкімінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 1 "Жайсаң селолық округі көшелеріне атау беру және атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-138 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 қазандағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" және "селосы", "аулы" сөздері "ауылдық" және "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын.
орыс тіліндегі шешімнің 2 тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларына "в улицу" сөзі "на улицу" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жайсаң ауылдық округінің әкімі: | Ж. Есмухамбетов |
