Жол активтері сапасының ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 305 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 шілдеде № 11523 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.03.2023 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.03.2023 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жұмыстары мен материалдарының сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.03.2023 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдар комитеті (М.Қ. Пішембаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "Келісілген"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________Б.Сұлтанов

      2015 жылғы 14 сәуір

      "Келісілген"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлтық экономика министрі

      _________________Е.Досаев

      2015 жылғы 29 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 305 бұйрығымен
бекітілген

Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 20.06.2025 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстары мен материалдарының сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы жол қызметінің барлық субъектілеріне қолданылады.

      3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) авторлық қадағалау – сәулет немесе қала құрылысы туындыларының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзірлеушілер жүзеге асыратын құрылыс жобасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі автордың құқықтылығы;

      2) Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы (бұдан әрі – Орталық) –жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру жөніндегі функциялар, сондай-ақ автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибелік учаскелерді қолдау жөніндегі функциялар жүктелген, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарамағындағы заңды тұлға;

      3) жұмыс жүргізу объектілері – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау объектілері, сондай-ақ мердігер шарты мен кепілдікті кезең шеңберінде жүзеге асырылатын жобалық және техникалық құжаттама құрамына кіретін объектілер;

      4) мердігер – тиісті қызмет түріне лицензиясы бар, мердігерлік шарт немесе Тапсырыс берушімен жасалатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша құрылыс, реконструкциялау, жөндеу саласында мердігерлік жұмыстарды орындайтын жеке немесе заңды тұлға;

      5) тапсырыс беруші – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

      6) техникалық қадағалау – орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау;

      7) уәкілетті орган – автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган.

      4. Жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптаудың (бұдан әрі – Сараптама) мақсаты жол мен құрылыстардың конструктивтік элементтерінің, материалдар мен жұмыс технологиясының жоба, техникалық құжаттама, келісімшарт және нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін белгілеу болып табылады.

2-тарау. Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру тәртібі

      5. Сараптама осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес Тапсырыс беруші мен Орталық арасында сараптама жүргізуге арналған шарт негізінде елді мекендердің автомобиль жолдары мен көшелерін салудың, реконструкциялаудың, жөндеудің және күтіп ұстаудың барлық объектілерінде жүзеге асырылады.

      Орталық жобалау-сметалық немесе техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізілетін жұмыстардың ұзақтығына байланысты және кіріс бақылауында көзделген материалдардың жалпы көлемінің кемінде 20% көлемінде іріктеп сараптаманы жүзеге асырады, ал дайын асфальт-бетон жабындарының сараптамасы 100% үздіксіз бақылаумен жүргізіледі.

      6. Сараптама нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес сараптаманың нақты емес нәтижелерін болдырмайтын, сараптама жүргізу үшін қолайлы климаттық жағдайлар кезінде жүзеге асырылады.

      7. Сараптама жүргізу мақсатында Орталық 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптама жүргізудің жоспар-кестесін (бұдан әрі – Жоспар-кесте) әзірлейді, ал тапсырыс беруші бекітеді.

      8. Жоспар-кесте Тапсырыс берушінің және Орталықтың интернет-ресурстарында орналастырылады.

      9. Жоспарлы сараптама міндетті түрде жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Жоспардан тыс сараптама:

      1) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталық сараптамасының теріс қорытындысы (бұдан әрі – Сараптаманың қорытындысы) болған кезде;

      2) қылмыстық істі жүргізетін органның, тергей судьясының қаулысы бойынша және уәкілетті органның тапсырмасы және/немесе келісімі бойынша;

      3) жұмыс технологиясының ақаулары, бұзылуы және/немесе жұмыс жүргізу объектілерінде сапасыз материалды қолдану туралы растайтын материалдарды қоса бере отырып, жеке немесе заңды тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.

      11. Орталық сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

      1) сертификатталған, тексерілген және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген аспаптарды, жабдықты және өлшеу құралдарын қолдану арқылы қолданыстағы салалық нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттелген сынақтар мен өлшеу әдістеріне сәйкес сараптама жүргізеді;

      2) сараптаманы қысқа мерзімді сынақтар үшін 10 (он) жұмыс күні ішінде және ұзақ мерзімді сынақтар үшін 35 (отыз бес) жұмыс күні ішінде қорытындысын шығара отырып жүргізеді;

      3) жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама қорытындысын тапсырыс берушіге және мердігерге жібереді;

      4) Сараптама қорытындысына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша Тапсырыс беруші шара қолданбаған жағдайда, тиісті шаралар қолданылу үшін уәкілетті органды және/немесе "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет-құрылысты бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органды хабардар етеді.

      Бұзушылықтар мен ақауларды жою нәтижелері бойынша Тапсырыс беруші мердігер мен техникалық қадағалау қол қойған тиісті жою актісін ресімдейді, орталықтың қарауына ұсынады.

      12. Орталық сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

      1) сараптама жүргізу мақсатында жұмыс жүргізу объектілерінде кедергісіз бола алады;

      2) жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамасымен танысады;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталық өткізген сараптаманың қорытынды есебін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.

      13. Тапсырыс беруші сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жоспар-кестені бекітеді;

      2) сараптама жүргізу кезеңінде мердігер, техникалық қадағалау және мүдделі адамдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді;

      3) Орталықтың жұмыс жүргізу объектілеріне кіруін қамтамасыз етеді;

      4) жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамаларды береді;

      5) сараптама қорытындыларында көрсетілген бұзушылықтарды жою бойынша мердігерді бақылайды;

      6) мердігерлік шартқа сәйкес сараптаманың теріс қорытындысын алған сәттен бастап мердігерге ықпал ету шараларын қолданады;

      7) мердігер сараптама қорытындысына сәйкес бұзушылықтар мен ақауларды жою нәтижелері бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде Орталықты жазбаша түрде хабардар етеді және қайта сарптама жүргізуге бастамашылық жасайды;

      8) Орталықпен бірлесіп жоспар-кестеге түзетулер енгізеді;

      9) сараптама қорытындысымен танысады;

      10) қайта сараптама жүргізу үшін өтінім береді;

      11) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу объектісін пайдалануға беруді Тапсырыс беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталық өткізген сараптаманың қорытынды есебі болған кезде жүзеге асырады.

      14. Мердігер сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде:

      1) орталықтың сараптама жүргізу үшін жұмыс жүргізу объектісіне кіруін қамтамасыз етеді;

      2) сараптама жүргізу кезеңінде Орталыққа жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттамаларын береді;

      3) тапсырыс беруші мен Орталықты жазбаша түрде хабардар ету арқылы қайта сараптама жүргізуге бастамашылық етеді;

      4) сараптама қорытындыларына сәйкес Орталық анықтаған бұзушылықтар мен ақауларды жою жөнінде іс-шараларды жүргізеді;

      5) сараптама қорытындысымен танысады;

      6) жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда Орталық Тапсырыс берушіге осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен комиссия құрамында шығу және сынақтан өткізу туралы сұрау салуды жібереді.

      15. Сараптама қорытындылары:

      1) жұмыс жүргізу объектісінің атауын;

      2) тапсырыс берушінің, мердігердің, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асырушы адамдардың атауын;

      3) іс-шараларды және сараптаманы жүргізу күні мен мерзімдері көрсетіліп сараптама негіздерін;

      4) регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес ресімделген сараптама қорытындыларын;

      5) сараптаманы тікелей орындаушының және Жол активтері орталығы басшысының электрондық цифрлық қолтаңбалары.

      16. Сараптама жүргізілетін параметрлердің тізбесі автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау немесе жөндеу саласындағы нормативтік құжаттармен, сондай-ақ осы Қағидалардың ережелерін және тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартта осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып белгіленген техникалық ерекшеліктерді ескере отырып, мердігерлік шартпен белгіленеді.

3-тарау. Сараптама қорытындысының нәтижелерімен келіспеген кезде дауларды шешу

      17. Тапсырыс беруші және/немесе мердігер жұмыс жүргізу объектілеріндегі Орталық сараптама қорытындысының нәтижелерімен келіспеген жағдайда, жол-құрылыс материалдарының сынамаларын іріктеуді жүзеге асыру және қосымша сараптама жүргізу үшін комиссия құрамына қатысу туралы Орталыққа сұрау салу жібереді.

      18. Комиссия жол-құрылыс материалдарының сынамаларын алу және Орталықтың сараптамасының қорытындысы бойынша жұмыстар жүргізу объектілерінде қосымша сараптама жүргізу үшін шығуды жүзеге асыру үшін Тапсырыс берушінің бұйрығы негізінде құрылады.

      Комиссия қосымша сараптама жүргізу үшін шығуды жүзеге асыратын тапсырыс берушіден, мердігерден, Орталықтан және техникалық қадағалау қызметінен тұрады.

      19. Комиссия жол-құрылыс материалдарының сынамаларын іріктеуді қосымша сараптама жүргізу үшін 2 (екі) метрден 3 (үш) метрге дейінгі диапазоны бар бастапқы іріктеу орындарында жүргізеді.

      Іріктеу нәтижелері хаттама түрінде ресімделеді және оған төраға, хатшы, қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.

      20. Қосымша сараптама комиссияның келісімі бойынша Орталықтың зертханасында немесе сынақ аккредиттелген зертханасында жүргізіледі.

      Қосымша сараптама комиссия мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі.

      21. Комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, бұл ретте жол-құрылыс материалдарының сынамаларын іріктеу және қосымша сараптама жүргізу уақыты мен орны туралы кемінде 24 сағат бұрын тиісті түрде хабарланған жағдайда, Комиссияның шығуы жарамды болып есептеледі.

      22. Комиссиялық шығу сынақтарының нәтижелері түпкілікті болып саналады және құрылыс процесіне қатысушылар дауламайды.

   Жол активтерінің сапасы
  ұлттық орталығының жұмыстар
  мен материалдардың сапасына
  сараптама жүргізуін
  ұйымдастыру қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан

Сараптама жүргізудің жоспар-кестесі

КЕЛІСІЛДІ

"Жол активтері сапасының ұлттық

орталығы" шаруашылық жүргізу

құқығындағы республикалық

мемлекеттік кәсіпорны филиалының

директоры

________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

20__жылғы "____" _______________ ________________________________

(мөр орны (бар болған жағдайда)

БЕКІТЕМІН
______________________________
(Тапсырыс берушінің атауы)
______________________________
(тапсырыс берушінің лауазымы)_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) 20__жылғы "____" ________________
______________________________
(мөр орны (бар болған жағдайда)

Объектінің атауы

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

1

2

3

4

5

6

7

8









шілде

тамыз

қырқүйек

қазан

қараша

желтоқсан

9

10

11

12

13

14







      Ескертпе - Сынақтардың атауы іріктемелі сараптама мердігерлік шартына сәйкес қабылданады.

  Жол активтерінің сапасы
ұлттық орталығының жұмыстар
мен материалдардың сапасына
сараптама жүргізуін
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жұмыстар мен материалдарға сараптама қорытындысы ____________ облысы бойынша Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы

      1. Жұмыс жүргізу объектісінің атауы ________________________________

      _______________________________________________________________

      (жолдың атауы немесе құрылыстың атауы, шақырым)

      2. Объектіге қызмет көрсетуді ұйымдастыру, объектінің иесі

р/с

Объектінің атауы

Учаскенің басталуы, шақырым

Сайттың соңы, шақырым

Ұйым иесі (атауы, мекенжайы)

Қызмет көрсететін ұйым (атауы, мекенжайы)

1

2

3

4

5

6







      3. Тапсырыс беруші ____________________________________________________

      (толық атауы, заңды мекенжайы)

      4. Сынақтардың негізі (сараптама)_________________________________

      (жоспар-кесте, хат, шарт нөмірі)

      5. Өлшенген параметрлер мен сынақтардың тізбесі, сынақтардың нәтижелері

р/с №

Материал, өнім, құрылыс

Параметр атауы

Стандарт нөмірі, бөлім

Сынақ хаттамасының нөмірі

Хаттамаға есеп нөмірі

Қорытынды

Сәйкес келеді, %

Сәйкес емес, %

1

2

3

4

5

6

7

8









      6. Объект бойынша қорытынды ____________________________________

      7. Техникалық қадағалау атауы ____________________________________

      (ұйым, тегі, аты-жөні (бар болса)

      8. Авторлық қадағалау атауы ______________________________________

      (ұйым, тегі, аты-жөні (бар болса)

      "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры

      ___________________________________ _____________________

      (қолы, мөр орны (бар болса) (тегі, аты-жөні (бар болса)

      Сараптама орындаушысы ______________________________________________

      (қолы, мөр орны (бар болса) (тегі, аты-жөні (бар болса) ________ (күні)

   Жол активтерінің сапасы
ұлттық орталығының жұмыстар
мен материалдардың сапасына
сараптама жүргізуін
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жүргізген жұмыстар мен материалдар сапасына сараптаманың қорытынды есебі

      1. Жұмыс жүргізу объектісінің атауы: __________________________________

      2. Тапсырыс берушінің атауы:____________________________________ _____

      3. Мердігерді атауы: _________________________________________________

      4. Техникалық қадағалаудың атауы: ____________________________________

      5. Авторлық қадағалаудың атауы: ______________________________________

      6. Негізгі сарапшылар: ________________________________________________

      7. Сараптама нәтижелері: ______________________________________________

      8. Сараптама қорытындысы: ____________________________________________

      "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, мөр орны (бар болған жағдайда)

      Сараптама орындаушысы

      ______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, мөр орны (бар болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады