"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Арал ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №153 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4649 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінде 2014 жылы 17 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет, білім берудің педагог кызметкерлеріне және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек берілсін.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясының төрағасы Арал аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы | М.Жулдасбаев А.Асанбаев |
