Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Нұра ауылдық округі әкімі Нұра, Мамыр, Дүкен, Белшер ауылдарының тұрғындары конференциясы хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Нұра ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1) Нұра ауылының көшелеріне:
Темірбек Жүргенов көшесі;
Төлеумұрат Кішкентаев көшесі;
Әбдібек Мәмбетов көшесі;
Ыбырай Достаев көшесі;
2) Мамыр ауылының көшесіне:
Әбу бақсы көшесі;
3) Дүкен ауылының көшесіне:
Күркебай Рспанбетов көшесі;
4) Белшер ауылының көшесіне:
Серік Сатанов көшесі;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманы Г.Қалиеваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Нұра ауылдық округінің әкімі | С. Ұзақов |
