Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-1 "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңының 14-бабына сәйкес, облыс әкiмияты қаулы етеді:
1. Облыс әкiмиятының 2004 жылғы 2 ақпандағы 32 "Кәсiптiк балық аулау құқығын беру және балық шаруашылығы су айдындарын (телiмдерiн) бекiту туралы" қаулысына, (2004 жылғы 16 наурызда 1877 әдiлет департаментінде тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
3 қосымшасына:
осы қаулының қосымшасына сәйкес Қиғаш өзені бойынша табиғатты пайдаланушылар арасында балық кәсіпшілігі телімдерін бекітіп беру таблицасы 9, 10 жолдарымен толықтырылсын.
2. Осы қаулының"орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң"орынбасары Қ.Қ. Ищановқа жүктелсiн.
| Облыс әкімі |
| Облыс әкiмиятының 2004 жылғы 22 сәуірдегі N 92 қаулысына қосымша |
| N | Тартым телiмдерi | Бекiтiледi |
| 9 | "Бақыт" | "Маскар" өндiрiстiк кооперативi |
| 10 | "Булгачная" | "Жазира" өндiрiстiк кооперативi |
