1. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының Z934200_ 2, 3 баптары негізінде үнемі тұрғындардың аз санына, сондай-ақ ауылдардан барлық тұрғындардың көшіп кетуіне байланысты дербес әкімшілік-аумақтық бірлік мәртебесінен айырылған Ертіс ауданының мына елді мекендері есеп мәліметтерден алып тасталсын :
- Селеті селолық округінің аумағындағы Бұланбай селосы;
- Қызылқақ селолық округінің аумағындағы Жетіпшен селосы;
- Панфилов селолық округінің аумағындағы 143 мекен;
- Абай селолық округіндегі Степное селосы;
- Солтүстік селолық округінің аумағындағы Жарбұлақ селосы;
- Қызылжар селолық округінің аумағындағы Целинное селосы.
2. Тиісті селолық округтердің шекарасын өзгертіп, әкімшілік немесе аумақтық байланысы бар елді мекендердің құрамына мына мекендер енгізілсін:
- Селеті селолық округінің құрамында болған Бұланбай елді мекені Селеті селолық округіндегі Сладководск селосының әкімшілік-аумақтық құрамына қосылсын;
- Қызылқақ селолық округінің құрамында болған Жетіпшен елді мекені Қызылқақ селолық округіндегі Қызылқақ селосының әкімшілік-аумақтық құрамына қосылсын;
- Панфилов селолық округінің құрамында болған 143 мекен Панфилов
селолық округіндегі Панфилов селосының әкімшілік-аумақтық құрамына
қосылсын;
- Абай селолық округінің құрамында болған Степное елді мекені Абай
селолық округіндегі Голубовка селосының әкімшілік-аумақтық құрамына
қосылсын;
- Солтүстік селолық округінің құрамында болған Жарбұлақ елді мекені
Солтүстік селолық округіндегі Северное селосының әкімшілік-аумақтық
құрамына қосылсын;
- Қызылжар селолық округінің құрамында болған Целинное елді мекені
Қызылжар селолық округіндегі Қызылжар селосының әкімшілік-аумақтық
құрамына қосылсын.
3. Дербес әкімшілік-аумақтық бірлік мәртебесінен айырылған Ертіс
ауданындағы:
- Қосағаш селолық округіндегі Роте-Фане, Тихоновка елді мекендері;
- Ағашорын селолық округіндегі N 1 бөлімше;
- Ұзынсу селолық округіндегі Алғабас, Молодежное, Соколиновка елді
мекендері есеп мәліметтерден жойылсын.
II сайланған облыстық Облыс әкімі
Мәслихаттың міндетін атқарушы
ХІІІ сессиясының төрағасы
Облыстық Мәслихаттың
хатшысы
оқығандар:
А.Татарков
В.Подолян
