1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай
бюджеттік сыныптамасына:
бюджет кірістерінің сыныптамасы:
"701102 Есепті кезеңнің соңындағы бюджеттік қаражаттың еркін
қалдықтары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"701103 Бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын, қаржы жылы
басындағы бюджеттік қаражаттың еркін қалдықтары";
"701102 Есепті кезеңнің соңындағы бюджеттік қаражаттың еркін
қалдықтары" деген жол мынадай мазмұнда жазылсын:
"701102 Есепті кезеңнің соңындағы бюджеттік қаражаттың қалдықтары."
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.
