Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;
2) есепті жылдан кейінгі жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын;
3) есепті жылдан кейінгі жылғы 25 шілдеден кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың есепті жартыжылдықтың қорытындысы бойынша орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 1042 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Р/с | Іс шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Жасанды интеллектіні, платформалық экономиканы, үлкен дерекқорларды пайдалануды және басқа да аспектілерді қоса алғанда, цифрландырудың негізгі бағыттарын айқындауға бағытталған Цифрлық кодексті қабылдауды жеделдету | Президентке қол қоюға енгізілген Цифрлық кодекс | Үкімет, ПІБ | 2025 жылғы желтоқсан |
2. | Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі етіп қайта құру, бұл министрліктің бірінші басшысын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары деңгейінде тағайындап, инновациялық қызмет бойынша функциялар мен өкілеттіктерді Ғылым және жоғары білім министрлігінің қарамағына беру | Президент Жарлығы | Үкімет | 2025 жылғы қыркүйек |
3. | Экономиканың барлық саласын халық арасында кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізе отырып жаңғырту үшін "Digital Qazaqstan" ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізудің жалпыұлттық стратегиясын әзірлеу | Жалпыұлттық стратегияның жобасы Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, СЖРА, ҰБ, ЖАП, ШБ, ҰҚК |
2026 жылғы наурыз |
Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту | ||||
4. | Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың инвестиция саласындағы өкілеттіктерін жүйелеу және инвестиция тарту жұмысын күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет | 2025 жылғы 19 қыркүйекке дейін |
5. | Жаңа инвестициялық циклді бастау үшін инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңарту жөнінде іс-қимыл жоспарын әзірлеу | Үкімет қаулысы | Үкімет, ҰБ АХҚО (келісім бойынша) | 2025 жылғы желтоқсан |
6. | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқығын қорғау комитеті етіп қайта құру | Президент Жарлығы | Үкімет, БП | 2025 жылғы қараша |
7. |
Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартуды қамтамасыз ету, оның ішінде: | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет | 2025 жылғы қараша |
8. | Ұлттық қорды басқарудың жаңа тәсілдерін ендіру | ҰҚБК хаттамасы | ҰБ, Үкімет | 2025 жылғы желтоқсан |
9. | Тиісті сараптама жасай алатын халықаралық басқарушыларды және инвесторларды тарту мүмкіндігімен 1 миллиард АҚШ долларына дейінгі көлемдегі, нарықтық перспективасы жоғары шағын жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордың қаражатын экономиканың жоғары технологиялық секторларына инвестициялау бағдарламасын бекіту | Президент Әкімшілігіне ақпарат | ҰБ, Үкімет | 2026 жылғы қаңтар |
10. | Екінші деңгейдегі банктердің еркін өтімділігін экономикалық айналымға белсенді тарту құралдарын кеңейту | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | ҰБ, Үкімет, ҚНРДА | 2026 жылғы ақпан |
11. | Технологиялық өзгерістер мен экономиканың сұранысы ескерілетін, сондай-ақ бәсекені күшейту және нарыққа жаңа қатысушыларды тарту, қаржы жүйесіндегі технологияларды ілгерілету мен цифрлық активтер айналымын ырықтандыру көзделетін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңның жыл соңына дейін қабылдануын қамтамасыз ету | Президентке қол қоюға енгізілген Заң | ҚНРДА, Үкімет, ҰБ, АХҚО (келісім бойынша) | 2025 жылғы желтоқсан |
12. |
Цифрлық теңгені пайдалануды түбегейлі кеңейту, оның ішінде: | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, ҰБ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ"АҚ, АХҚО (келісім бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы тамыз |
13. |
Цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін қалыптастыруды заңнамалық базаны дамытумен бірге жеделдету, оның ішінде: | Президент Әкімшілігіне ақпарат | ҰБ, ҚНРДА, Үкімет, | 2026 жылғы қаңтар, шілде |
14. | Киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың жасанды интеллект қолданылатын жүйесін дамыту |
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, ҰБ, БП, ҰҚК, ҚНРДА, ҚМА |
2025 жылғы желтоқсан |
15. | Алатау қаласын іскерлік белсенділік пен инновацияның жаңа орталығы ретінде дамыту, оның ішінде қалаға Қазақстан Республикасының Үкіметіне тікелей бағынатындай арнаулы мәртебе беру, содан кейін қаланы басқару режимін, оның қаржылық моделін және басқа да, оның ішінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ақысын криптоактивтермен төлеу мүмкіндігі бар маңызды аспектілерді айқындайтын жеке заң қабылдау |
Президент Жарлығының жобасы | Үкімет, ҰБ, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, АХҚО (келісім бойынша) |
2025 жылғы 19 қыркүйекке дейін |
16. | Тыңғылықты сараптау негізінде арнайы экономикалық аймақтарды трансформациялау (тиімділігін арттыру), оның ішінде оларды басқаруға шетелдік компанияларды қоса алғанда, жеке компанияларды тарту мүмкіндігімен өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2025 жылғы желтоқсан |
17. | Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды толыққанды өңірлік даму институттарына айналдыру | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2025 жылғы қараша, 2026 жылғы маусым |
18. | Өңірлердің инвестициялық тартымдылығы индексін, оның ішінде тәуелсіз сарапшыларды тарту мүмкіндігімен және барлық әкімнің тікелей жауаптылығын бекіте отырып, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі базасында ендіру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | СЖРА, Үкімет, ҰБ, БП, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, АХҚО (келісім бойынша) | 2026 жылғы наурыз |
19. | Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің макроэкономикалық тұрақтандыру жөніндегі 2026 - 2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу | Үкімет қаулысы | Үкімет, ҰБ, ҚНРДА | 2025 жылғы желтоқсан |
Өнеркәсіп қалыбын нығайту | ||||
20. | Отандық және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті, оның ішінде қолдау шаралары бойынша тәсілдерді реттей отырып, терең өңделген өнім шығаруды дамыту | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2025 жылғы қараша |
21. | Дүниежүзілік өндірістік және сауда тізбектеріне ендіру үшін жерде сирек кездесетін металдарды және айрықша қажет басқа да материалдарды қайта өңдеу бойынша жоғары технологиялық өнім шығаратын кемінде 3 жобаны іске қосуды қамтамасыз ету | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, "Самұрық- Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026-2028 жылдары маусым, желтоқсан |
22. |
Көмірсутегі шикізатын терең өңдейтін бірқатар маңызды жобаларды іске асыру, оның ішінде: | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Самұрық- Қазына" ҰӘҚ" АҚ | 2026 - 2029 жылдары маусым, желтоқсан |
23. | Ілеспе және сүйытылған мүнай газын пайдаланудың жаңа тәсілін қалыптастыру, оның ішінде кепілдік берілген және үзақ уақыт газбен қамтамасыз ету тетігін әзірлеу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет | 2026 жылғы ақпан, қараша |
24. |
Электр энергиясына қажеттілікті жабуды қамтамасыз ету, оның ішінде: |
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, АЭА, "Самұрық- Қазына" ҰӘҚ" АҚ |
2025 жылғы қараша |
25. |
Геологиялық барлауды дамыту, оның ішінде: цифрлық құралдарды пайдаланып және аэрогеофизика зерттеулерін жүргізе отырып, жер қойнауының қазіргі заманғы геологиялық карталарын қалыптастыру; | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет |
2025 жылғы желтоқсан |
26. | Геологиялық барлау және жер қойнауын игеру саласындағы реформаларды, оның ішінде оның ашықтығы мен цифрландырылуын заңнамалық және практикалық тұрғыдан ресімдеуді аяқтау | Президентке қол қоюға енгізілген Заң | Үкімет | 2025 жылғы желтоқсан |
Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа серпіні | ||||
27. |
Үкіметтің ең жаңа технологияларды және жасанды интеллектіні қолдана отырып, ілгерінді аграрлық экономикаға көшу жөніндегі мыналар көзделетін нақты жоспарын қабылдау: |
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
2025 жылғы желтоқсан |
28. | Еуразия аумағындағы сауда-саттықты дамытуда, оның ішінде заңнамалық бастамалар арқылы отандық өнім өндірушілердің құқықтарын қорғауға, сондай-ақ отандық өнім өндірушілерге, оның ішінде сүт өнімдерін өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталған әділ жағдайларды қамтамасыз ету | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026-2027 жылдары қаңтар, шілде |
29. | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануды, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлерін электрондық конкурстар негізінде цифрлық форматта беру тетігін өзгерту арқылы қамтамасыз ету, сондай-ақ тиісті заңнамалық ұсыныстар әзірлеу |
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері |
2025 жылғы желтоқсан |
30. | Қайтарылған ауыл шаруашылығы алқаптарын өндіріс, жұмыспен қамту және инвестиция орталықтарын қалыптастыру, сондай-ақ жергілікті халықтың жайылымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұрақты айналымға тарту | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы маусым |
31. | Жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне және орман шаруашылығына спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру, оның негізінде жердің сапасына, өнімділігіне, жай-күйіне және ауыл шаруашылығы дақылдарының бөлінуіне терең талдау жүргізілуге тиіс |
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері |
2025 жылғы қараша |
32. | Кадастрлық деректерді, жер қойнауын пайдалану және инфрақұрылым жөніндегі мәліметтерді кіріктіріп, жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасын жасау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері |
2025 жылғы қараша, |
33. | Цифрлық технологияларды қолдануға және саланың өнімділігін едәуір арттыруға, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді өндіріске ендіру үлесін ұлғайтуға баса назар аудара отырып, аграрлық ғылымды дамыту жоспарын қабылдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет | 2026 жылғы мамыр |
34. | Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ветеринария мен фитопатологияны дамыту шараларын қабылдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет | 2026 жылғы тамыз |
Көлік-логистика әлеуеті мен туристік әлеуетті іске асыру | ||||
35. | Теміржол инфрақұрылымының қаңқасын қалыптастыруға бағытталған жобалардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету: "Қызылжар - Мойынты", "Бақты - Аягөз" | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, "Самұрық- Қазына" ҰӘҚ" АҚ |
2027 жылғы I жартыжылдық |
36. | Транзиттік дәліздерді дамыту шеңберінде автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау жобаларына басымдық беруді қамтамасыз ету | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2025 жылғы желтоқсан |
37. | Елдің транзиттік әлеуетін кеңейту мақсатында жаңа көлік бағыттары мен жаңа нарықтарды ашу, соның ішінде автомобиль жолдарының өңірлік байланысын дамыту арқылы ашу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет | 2026 жылғы маусым, желтоқсан |
38. | Жасанды интеллектіні қолдана отырып, тасымалды басқарудың көпбейінді цифрлық платформасын енгізуді көздейтін, кеден және логистика қызметтерін көрсететін "Smart Cargo" бірыңғай цифрлық жүйесін жеке компаниялардың инфрақұрылымға тең автоматтандырылған қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып іске қосу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет | 2025 жылғы қазан |
39. | "Сексеуіл - Бейнеу" жолының құрылысы | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет |
жыл сайын, 2026 - 2028 |
40. | Тартылған мемлекеттік инвестициялардың қайтарымы қамтамасыз етілетін көлік жүйесін басқарудың жаңа моделін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану арқылы қалыптастыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет | 2026-2027 жылдары маусым |
41. | Пәрменді шараларды қоса отырып, контейнермен жүк тасымалдауды және мультимодальді бағдарларды ынталандыруға бағытталған арнаулы бағдарламаны қабылдау | Үкімет қаулысы | Үкімет | 2026 жылғы қаңтар |
42. | Көліктің барлық түрін ескере отырып, бәсекеге қабілетті тариф саясатын әзірлеу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет | 2025 жылғы желтоқсан |
43. | Автокөлікпен жүк тасымалдаушылар үшін шекарада қызмет көрсету сапасын жақсарту, оның ішінде шекара маңындағы сервисті дамыту үшін жағдай жасау және шекара және кеден бекеттерінде сапалы интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы қаңтар |
44. | Жүк тасымалының, оның ішінде теміржолмен жүк тасымалдаудың транзиті үшін "жасыл дәліз" қағидаты бойынша жағдай жасау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2025 жылғы қараша |
45. | Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Қостанай облысының әкімі | 2026 жылғы наурыз |
46. | Шетелдік ірі әріптестерді тарту мүмкіндігімен Жүк тасымалдаушы ұлттық авиакомпания құру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, "Самұрық- Қазына" ҰӘҚ" АҚ | 2027 жылғы қаңтар |
47. | Аэрохабтарды дамытып, олардың жаһандық логистика тізбегіне кірігуін қамтамасыз ету | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, АХҚО (келісім бойынша) | 2026 жылғы маусым |
48. | Тұтынушылардың мүддесін қорғауға бағытталған автомобильмен экспресс-жүк тасымалдау саласын реттеуді қамтамасыз ету | Президент Әкімшілігіне ақпарат |
Үкімет, "Самұрық- Қазына" ҰӘҚ" | 2026 жылғы ақпан |
49. | Тиісті нормативтік актілерді қабылдауды қоса алғанда, пилотсыз көлік түрлерін ендіруді жеделдету үшін жағдай жасау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет | 2025 жылғы қараша |
50. | Шетелден туристер тарту, сондай-ақ туризм саласындағы саясатты заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі жұмысты орталық деңгейде қамтамасыз ету | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет |
2025 жылғы қараша, |
51. | Жергілікті атқарушы органдардың жауаптылығын бекіте отырып, олардың туризм инфрақұрылымын кешенді дамытуын қамтамасыз ету |
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет |
2025 жылғы қараша |
52. | Алматы тау кластерін заманауи инфрақұрылым құрып дамыту | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ, "Kazakh Tourism Development" АҚ, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ | 2026 - 2029 жылдары маусым, желтоқсан |
53. | Елімізде туризмнің перспективалы бағыттарының әлеуетін дамыту | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ, "Kazakh Tourism Development" АҚ, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ | 2026-2029 жылдары маусым, желтоқсан |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және су инфрақұрылымын жаңғырту | ||||
54. | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің сенімділігі мен сапасын тарифтердің өсуіне мөлшерлес арттыруға бағыттап, осы қызметтердің энергетикасы мен инфрақұрылымын басқарудың тиімді моделін құру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы ақпан |
55. | Үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып және құзыретті басқарушыларды, оның ішінде шетелдіктерді тарта отырып, барлық өңірде "ақылды қалалар" КҮРУ тұжырымдамасын өрістету | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы маусым, желтоқсан |
56. | Инфрақұрылымдық жобаларды цифрлық құралдар есебінен іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, ҰБ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы ақпан |
57. | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың кейбір объектілерін әкімдіктердің теңгерімінде сақтаудың орындылығын қарау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы маусым, желтоқсан |
58. | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ұқыпты тұтынуды ынталандыратын жаңа экологиялық және санитариялық-гигиеналық нормаларды белгілеу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы маусым |
59. | Ғимараттарды ақпараттық модельдеу әдісін (Building Information Modeling, BIM) және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, құрылыстың бүкіл кезеңін есепке алу, жоспарлау, мониторингтеу және бақылау бойынша ұлттық цифрлық платформаны іске қосу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2025 жылғы қараша, 2026 жылғы тамыз |
60. | Жаңа Құрылыс кодексінің жылдың соңына дейін қабылдануын қамтамасыз ету | Президентке қол қоюға енгізілген Құрылыс кодексі | Үкімет | 2025 жылғы желтоқсан |
61. | Су саясатын ұзақ мерзімді жоспарлаудың аса маңызды құралы ретінде Ұлттық су балансын қалыптастыра отырып, жерүсті және жерасты су объектілерін есепке алу үшін жасанды интеллект негізінде су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын қүру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, ШБ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы ақпан, қыркүйек |
62. | Су саласы үшін білікті кадрлар, оның ішінде су дипломатиясы саласында мамандар даярлау |
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, МБА |
2026 жылғы наурыз |
63. | Озық шетелдік компанияларды тарта отырып, су үнемдейтін технологияларды, оның ішінде Қытайдың технологияларын ендіру жөніндегі жұмысты күшейту | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет | 2026 жылғы маусым, желтоқсан |
64. | Сумен нақты қамтамасыз етілуді негізге ала отырып, ылғалды көп қажетсінетін дақылдар ауданын қысқарту бойынша шаралар қабылдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы маусым, желтоқсан |
65. | "Қара нарықта" суды заңсыз сату мен сатып алудың жолын кесу бойынша шаралар қабылдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | БП, Үкімет | 2026 жылғы мамыр, қазан |
66. | Арал теңізінің су деңгейін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Қызылорда облысының әкімі | 2026 жылғы маусым, желтоқсан |
67. | Каспий маңы елдерінің тиісті мемлекеттік органдарымен Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеу бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет | 2026 жылғы желтоқсан |
68. | Табиғи ресурстарды, әсіресе суды үнемдеу мәдениетін, оның ішінде азаматтар арасында, бірінші кезекте, өскелең ұрпақ арасында ақпараттық-түсіндіру және идеологиялық жұмыс жүргізу арқылы қалыптастыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2025-2027 жылдары тоқсан сайын |
69. | Мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі барлық деңгей үшін "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетін қалыптастыруға баса назар аудара отырып, экологиялық білім берудің бірыңғай стандартын енгізу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет | 2026 жылғы шілде, желтоқсан |
Кәсіпкерлік - экономиканы дамытудың қозғаушы күші | ||||
70. | Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жанынан Интеллект арқылы реттеу орталығын құру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | СЖРА, Үкімет | 2025 жылғы желтоқсан |
71. | Кәсіпкерлік бастаманы жандандыру, заңнаманы кәсіпкерлердің қажетіне бейімдеу және министрлер мен әкімдердің нәтиже үшін жеке жауапкершілігін күшейту үшін жасанды интеллект технологиялары негізінде заңнамаға терең тексеру жүргізу және қүқықтық базаны жаңғырту | Президент Әкімшілігіне ақпарат | СЖРА, Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2026 жылғы наурыз, маусым |
72. | Нормалардың Кәсіпкерлік кодекске сәйкестігіне жүргізілген тексеруді ескере отырып, міндетті талаптар тізілімін толыққанды ендіруді қамтамасыз ету | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, СЖРА | 2026 жылғы шілде |
73. | Мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа, сервистік үлгісін қүру жөніндегі жұмысты жалғастыру | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет | 2025 жылғы желтоқсан |
74. | Ашықтық пен айқындыққа негізделген салықтық әкімшілендіруді қалыптастыру, оның ішінде салық төлеушілердің мүддесі үшін жасанды интеллектінің әлеуетін қолдана отырып, мемлекеттік органдар арасында цифрландырудың флагманы ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметін қалыптастыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет | 2025-2027 жылдары желтоқсан |
75. | Нақты бір салаға бағытталған, терең талдау жасауға қабілетті және инвестиция салуға қүқылы даму институттарының қызметін қайта ретке келтіру | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет | 2025 жылғы желтоқсан |
76. | Квазимемлекеттік секторды реформалау бойынша нақты ұсыныстар енгізу | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | СЖРА, Үкімет | 2025 жылғы желтоқсан |
77. | Мемлекеттің экономикаға қатысуының нақты шекарасын және басқаруға қатысты жол берілетін құқықтық талаптарды бекіте отырып, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жаңарту | Заң жобасы | Үкімет, БҚДА | 2026 жылғы мамыр |
Адами капиталды дамыту | ||||
78. | "Келешек мектептері" ұлттық жобасы шеңберіндегі мектептер құрылысын толық аяқтау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ | 2025 жылғы желтоқсан |
79. | Мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері бойынша бағдарламалар мен оқу материалдарын әзірлеу, сондай-ақ педагогтердің жасанды интеллект технологияларын меңгеруі дағдыларын қалыптастыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы қыркүйек |
80. | Қашықтан оқыту және жасанды интеллект негізінде "Qazaq Digital Mektebi" атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеу | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2025 жылғы желтоқсан, 2026 жылғы қараша |
81. | Жекеше капиталды тарта отырып, балаларды дамыту орталықтарын салу бойынша елорданың тәжірибесін кең ауқымда қолдану | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы желтоқсан |
82. | "АІ-Sana" жасанды интеллект саласындағы құзыретті арттыру бағдарламасын іске асыруды жалғастыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | тоқсан сайын, 2027 жылдың соңына дейін |
83. | Инновациялық саясатты іске асыру және жасанды интеллектіні дамытатын университеттерді қолдау үшін ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарын үйлестіру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, "ҚР ҰҒА" КеАҚ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2026 жылғы ақпан |
84. | Дарынды зерттеушілерді қолдайтын қосымша шаралар қабылдау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет | 2026 жылғы наурыз |
85. | Көші-қон саясатын шетелден білікті мамандар, ең алдымен, техникалық кәсіптері бар мамандар тартуға бағдарлау |
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, "Отандастар қоры" КеАҚ |
2026 жылғы қаңтар |
86. | Елге білікті отандық мамандарды қайтарудың және тартудың тиімді тетіктерін әзірлеу және ендіру |
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, "Отандастар қоры" КеАҚ |
2026 жылғы қаңтар |
87. | Қоғамда беделін нығайту және лайықты еңбекақы деңгейін қамтамасыз ету есебінен жұмысшы кәсіптерінің тартымдылығын арттыру | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2026 жылғы мамыр |
88. | Ел ішіндегі, сол сияқты шетелден келетін көші-қон легінің есебін жүргізетін бірыңғай цифрлық жүйені ендіру |
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, ҰҚК, АХҚО (келісім бойынша) |
2025 жылғы желтоқсан |
89. |
Елде әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан тартымды балама орталықтар құруға бағытталған шешімдер қабылдау, оның ішінде: | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы ақпан |
90. | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің базасында ауқымды деректер құралдары мен жасанды интеллект технологиялары енгізіліп, Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығын құру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | СЖРА, Үкімет | 2025 жылғы желтоқсан |
91. | Әлеуметтік масылдық пен әлеуметтік алаяқтықтың дамуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, БП, ҚМА, МӘСҚ | 2025 жылғы қараша |
92. | Зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, зейнетақы төлемдерінің ұзақ уақыт бойы теңгерімді және лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету шараларын қабылдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, ҰБ, СЖРА, ҚНРДА, БЖЗҚ | 2026 жылғы шілде |
93. | "АМАНАТ" партиясы бастамашылық жасаған "Қарызсыз қоғам" жобасын іске асыруды жалғастыру | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, ҚНРДА, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "AMANAT" партиясы (келісім бойынша) | 2026 жылғы шілде |
94. | Өңірлерде салынған көпбейінді ауруханаларды пайдалануға беру және осындай жаңа объектілер салуды жалғастыру, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері шеңберінде жеке инвестицияларды тарту арқылы жалғастыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | жыл сайын, 2026-2030 жылдары желтоқсан |
95. | Фармацевтика өнеркәсібін дамыту жұмысын жандандыру, оның ішінде отандық дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жоғары сапасын қамтамасыз ету және ассортиментін кеңейту | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет | 2025 жылғы желтоқсан |
96. | Жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеудің тиімді жүйесін құру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, ПІБ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "ӘМСҚ" КеАҚ | 2026 жылғы желтоқсан |
97. | Қоғамда "Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілетуді көздейтін ортақ көзқарас пен ұстанымдар әзірлеу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | БП, Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | жыл сайын, 2025-2030 жылдары маусым, желтоқсан |
98. | Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру, сондай-ақ көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру шараларын қабылдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, БП, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы ақпан, тамыз |
99. | Электрсамокаттарды және өзге де жеке мобильді көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану мәселелерін реттеу | Президентке қол қоюға енгізілген Заң | Үкімет | 2025 жылғы желтоқсан |
100. | Мәдениет пен өнер салаларында жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша ұсыныстар енгізу | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет | 2025 жылғы желтоқсан |
101. | Қазақстанның дәстүрі мен мәдениетін, оның ішінде шетелге паш етіп жүрген мәдениет және өнер қайраткерлерін қолдау бойынша жаңа ынталандыру шараларын әзірлеу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет | 2026 жылғы шілде |
102. | Отбасылық спорт дәстүрлерін дәріптеу арқылы бұқаралық спортты дамыту | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | жыл сайын, 2026 - 2027 жылдары шілде, желтоқсан |
103. | Футбол клубтарын коммерцияландыру (жекешелендіру) жұмысын жеделдету | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2026 жылғы наурыз |
Парламенттік реформа жүргізу | ||||
104. | Қазақстан Республикасының Парламентін реформалау мәселелерін қоғамның және сарапшылардың талқылауын ұйымдастыру | іс-шаралар жоспары (Үкімет қаулысы) | Үкімет, СЖРА, Парламент палаталарының аппараттары, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2025 жылғы желтоқсан |
Ескертпе: аббревиатуралардың таратылып жазылуы:
АЭА |
- Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі |
ПІБ | - | Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы |
СЖРА | - | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
ҰБ | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
ҰҚБК | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес |
ҰҚК | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
"Kazakh Invest" ҰҚК" | - |
"Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
"Kazakh Tourism Development" АҚ | - |
"Kazakh Tourism Development" акционерлік қоғамы |
"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ | - | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
"Samruk-Kazyna Construction" АҚ | - | "Samruk-Kazyna Construction" акционерлік қоғамы |
"Атамекен" ҰКП | - | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
"ӘМСҚ" КеАҚ | - | "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ | - | "Бәйтерек" ұлттық басқару холдингі" акционерлік қоғамы |
"Қазпошта" АҚ | - | "Қазпошта" акционерлік қоғамы |
"ҚРҰҒА" КеАҚ | - | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
"Отандастар қоры" | - | "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
"Самұрық-Қазына" | - | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы |
АХҚО | - | "Астана" халықаралық қаржы орталығы |
БЖЗҚ | - | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы |
МӘСҚ | - | "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы |
МБА | - | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы |
"AMANAT" партиясы | - | "AMANАТ" саяси партиясы |
-