"Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 1030 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысында:

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Консул:

      1) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Министрлік арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;

      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркейді;

      3) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындайды;

      4) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрақты тұратын адамдарды Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтық мәселесі бойынша қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады