ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысында:
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Консул:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Министрлік арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркейді;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрақты тұратын адамдарды Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтық мәселесі бойынша қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |