ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ 17) тармақшасындағы "университетіне ерекше мәртебе берілсін." деген сөздер "университетіне;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) Академик Е.А. Бекетов атындағы Қарағанды университетіне ерекше мәртебе берілсін.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
