Экологиялық таза энергия орталығының жарғысына қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 3 шілдедегі № 930 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженовке Экологиялық таза энергия орталығының жарғысына Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Бейресми аударма

Экологиялық таза энергия орталығының жарғысы

Кіріспе

      Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттер:

      Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерде (бұдан әрі "мүше мемлекеттер" деп аталады) энергетикалық қауіпсіздік, өндірістік мақсаттар үшін энергияға қол жеткізу және климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту және оларға бейімделу мәселелерін шешудің елеулі қажеттілігін

      түсіне отырып;

      ЭЫҰ өзінің жалпы энергетикалық күн тәртібіне тұрақты энергетикаға көшу және экологиялық таза энергия көздеріне көшу мәселелерін косу арқылы өңірде әртүрлі және тұрақты энергетикалық сәулет құруға ұмтылуын баса айта отырып;

      төмен көміртекті, жоғары энергия тиімділігі экономикаға шұғыл көшу қажет екенін және мүше мемлекеттер үшін барынша пайда алу үшін стратегиялық маңызы бар екенін түсініп, мүше мемлекеттер құрған, реттейтін, басқаратын және бақылайтын, осылайша өз мүдделерімен және мақсаттарымен, сондай-ақ өзінің басты мақсатымен жұмыс істейтін арнайы өңірлік ұйым құруды талап етеді;

      "жаңартылатын, сондай-ақ неғұрлым таза және орнықты энергия көздеріне көшу" ЭЫҰ өңірінде жаңартылатын энергия көздері мен энергия тиімділігі саласындағы ынтымақтастықтың орасан зор мүмкіндіктерін ашу және сенімді орнықты энергетика, нарықтар мен инвестициялар үшін қолайлы орта құру мақсатында "ЭЫҰ Vision 2025" энергетика секторының V күтілетін нәтижесін білдіретінін назарға ала отырып;

      өңірде экологиялық таза энергия көздерін енгізу жөніндегі бастамаларды қолдаған ЭЫҰ Министрлер кеңесінің 23, 24 және 25-отырыстарының шешімдерін ескере отырып;

      ЭЫҰ 13, 14 және 15-саммиттерінің орнықты өсу саласындағы шараларды үйлестіруді қолдаған тұжырымдарына сілтеме жасай отырып, өзгелердің ішінде экологиялық таза жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды, су және энергетикалық ресурстарды сақтау және тиімді пайдалануды қоса алғанда;

      төмендегілер туралы уағдаласты:

I бап

Экологиялық таза энергия орталығын құру

      Бұдан әрі "Орталық" деп аталатын "Экологиялық таза энергия орталығы" осы арқылы құрылады.

II бап

Мақсаттар

      1. Орталық жаңартылатын энергия көздері мен энергия тиімділігін дамытуға жәрдемдеседі, сондай-ақ ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық мекемелерінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

      2. Орталық орнықты энергетикаға байланысты мәселелерді шешуде қолдау көрсететін болады және ЭЫҰ өңірінде төмен көміртекті жоба бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін қаржылық және техникалық ресурстарды жұмылдыратын болады.

III бап

Функциялар

      1. Орталық ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы орнықты энергетика және энергия тиімділігі саласындағы өңірлік әлеуетті нығайтуға бағытталған үйлестіру мен ынтымақтастыққа ықпал ететін болады.

      2. Орталық өңірлік жобаларды әзірлейді және іске асырады және энергетиканың орнықты дамуына байланысты салаларда техникалық көмек көрсетеді.

      3. Орталық энергетика мен климаттың өзгеруіне сай келетін өңірлік және халықаралық мекемелер арасында тиімді үйлестіруді қамтамасыз етуге; жобаларға инвестиция салуға және мүдделі тараптардың негізгі топтарының хабардар болуын арттыруға жәрдемдесуге тиіс.

      4. Орталық энергетикалық статистиканы және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) және энергия тиімділігі (ЭТ) туралы ақпаратты бірлесіп жинайды, талдайды, сақтайды және таратады.

      5. Орталық орнықты энергетиканың негізгі жаһандық мәселелері бойынша білімнің жинақталуына ықпал ететін болады.

      6. Орталық Уағдаласушы тараптарға олардың халықаралық қаржы және техникалық ресурстарға қолжетімділігіне қолдау көрсетеді; сұрау салу бойынша Уағдаласушы тараптарға ұлттық және өңірлік деңгейлерде төмен көміртекті энергетиканы дамыту бойынша ағарту науқанын жүргізуге көмек көрсетеді; ЖЭК және энергия тиімділігі саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердің және оқытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге бастамашылық етеді және үйлестіреді.

IV бап

Орталықтың құрылымы

      1. Басқарушылар Кеңесі

      Орталықта құрамына энергетика министрлері немесе мүше мемлекеттердің сол дәрежедегі лауазымды тұлғалары, ЭЫҰ Бас хатшысы және Орталықтың атқарушы директоры кіретін Басқарушылар кеңесі болады.

      Басқарушылар кеңесі Орталықта саясат пен шешім қабылдауға жауапты негізгі орган болып табылады, ол сонымен бірге мақсаттарға жету үшін стратегиялық басшылықты қамтамасыз ететін болады;

      Басқарушылар кеңесі жыл сайын мүше мемлекеттердің аумақтарында кезекпен жиналады. Әрбір Уағдаласушы тараптан бір-бірден жеке сектордың тиісті өкілдері отырысқа байқаушылар ретінде қатыса алады.

      2. Атқарушы Кеңес

      Орталықтың Атқарушы кеңесінің құрамына мыналар кіреді:

      a) Уағдаласушы тараптардың өкілдері;

      b) ЭЫҰ Бас хатшысы немесе оның өкілі;

      c) Орталықтың Атқарушы директоры.

      Атқарушы кеңес Басқарушылар кеңесі қабылдаған шешімдерді орындайды. Негізгі міндеттер, атап айтқанда, Орталықтың жылдық жұмыс бағдарламалары мен бюджетін, есептері мен қаржылық ведомостарын қарауды; қажет болған жағдайда жобаларға бастамашылық етуді немесе оларды айқындауды; тиісті кешенді стратегияларды әзірлеуді көтермелеуді; Атқарушы директор лауазымына кандидаттың ұсынымын; Техникалық комитетті тағайындауды және қажет болған жағдайда құрамын өзгертуді; Тақырыптық хабтардың мекемесін және желісін тағайындау туралы ұсынысты қамтиды. Басқарма кезекті отырысқа жылына екі рет, ал кезектен тыс отырыстарға Басқарма қажет деп санайтындай жиілікпен жиналады.

      Әрбір Уағдаласушы тараптан бір-бірден жеке сектордың тиісті өкілдері отырысқа байқаушылар ретінде қатыса алады.

      3. Хатшылық

      a) Орталықта Атқарушы директор басқаратын Хатшылық болуға тиіс.

      b) Басқарушылар кеңесі Атқарушы директорды тағайындайды және Атқарушы директор мен қызметкерлердің өкілеттіктері мен міндеттерін көрсететін Персонал туралы ережені қабылдайды.

      c) Атқарушы директорды қоспағанда, Хатшылықтағы лауазымдарға тағайындау Уағдаласушы тараптардың қызметкерлерді іссапарға жіберуі арқылы жүзеге асырылады.

      Орталықтың Атқарушы директоры Уағдаласушы тараптардың жаңартылатын энергия көздері мен энергия тиімділігін қамтитын орнықты энергетикалық даму саласындағы көрнекті технократтары қатарынан тағайындалады және оны Басқарушылар Кеңесі үш жыл мерзімге тағайындайды.

      Орталықтың Атқарушы директоры Басқарушылар кеңесі мен Атқарушы Кеңестің жалпы саясаты мен шешімдерін іске асыруға, сондай-ақ Орталықтың бекітілген бағдарламаларын іске асыруға жауапты. Атқарушы директор Техникалық комитетке төрағалық ететін Басқарушылар кеңесінің хатшысы болып табылады. Атқарушы кеңесті Басқарушылар кеңесінің төрағасы болып табылатын Уағдаласушы тараптың өкілі басқарады.

      4. Техникалық комитет

      Техникалық комитет Атқарушы кеңеске техникалық ұсынымдар беруге және Хатшылыққа Орталықтың жұмысы мәселелері бойынша консультация беруге, техникалық құжаттар бойынша талдау мен ұсынымдар шығаруға, Орталықтың жұмысындағы прогресті мониторингтеуге жауапты.

      Техникалық комитет экологиялық таза энергетика мен энергия тиімділігіне баса назар аудара отырып, энергетиканы орнықты дамыту саласындағы сарапшылар мен ғалымдардан тұрады.

      Әрбір Уағдаласушы тарап Техникалық комитетке үш жыл мерзімге бір-бірден өкіл тағайындайды. Бұдан басқа, серіктес ұйымдар мен жеке сектордың, ЭЫҰ Хатшылығының тағайындалған өкілдері Техникалық комитетке ұсынылуға тиіс.

      Техникалық комитет кемінде 2/3 мүшенің қатысуымен жылына кемінде екі рет жиналуға тиіс және оны Атқарушы директор басқарады. Орталықтың хатшылығы Техникалық комитетке қолдау көрсетуге тиіс.

V бап

Тақырыптық хабтар

      Орталық өз қызметін қажеттілігіне қарай тақырыптық орталықтар желісі арқылы әзірлейді және жүзеге асырады. Тақырыптық хабтар - бұл Орталыққа өзінің негізгі қызмет бағдарламасын іске асыруды жеделдету мақсатында қолданыстағы өңірлік және ұлттық мекемелердің немесе ұйымдардың тәжірибесін, құрылымдары мен уағдаластықтарын жүйелі түрде пайдалануға мүмкіндік беруге арналған мекемелер немесе желілер.

      Орталық пен Тақырыптық хаб арасындағы функционалдық өзарақатынастар олардың арасында жасалған Техникалық ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерімен және шарттарымен реттеледі. Тақырыптық хабтар энергетика, климаттың өзгеруі, әлеуетті арттыру, ғылыми зерттеулер, инвестициялар және қаржы сияқты жекелеген секторлар мен салалардағы нақты шешімдерге шоғырланады және белгілі бір салаларда орталық үйлестіру органдары ретінде жұмыс істейтін болады.

VI бап

Штаб-пәтер

      Орталықтың Штаб-пәтері Бакуде, Әзәрбайжан Республикасы, орналасқан.

VII бап

ЭЫҰ органдарымен қатынастар

      Орталық ЭЫҰ Хатшылығы арқылы ЭЫҰ Министрлер Кеңесіне Орталықтың ағымдағы қызметі мен болашақ жобаларына шолуды қамтитын жыл сайынғы немесе мерзімді есептерді ұсынуға тиіс.

      ЭЫҰ-ға қатысты саясатты Орталық өз қызметі мен жобаларын әзірлеу кезінде ескеруге тиіс.

VIII бап

Басқа ұйымдармен қатынастар

      ЮНИДО орнықты энергетика орталықтарының Жаһандық желісінің бір бөлігі болып табылатын ЭЫҰ таза энергетика орталығы басқа өңірлік немесе халықаралық зерттеу институттарымен және ұйымдарымен ынтымақтастық қатынастарын орната алады. Мұндай ынтымақтастықтың сипаты мен ауқымын Басқарушылар кеңесі айқындайды.

IX бап

Құқықтық мәртебе

      Орталық қабылдаушы елдің заң шығарушы органдары ұсынған ЭЫҰ Өңірлік орталығының құқықтық субъектісіне ие. Орталықтың және оның персоналының артықшылықтары мен иммунитеттері Орталық пен Қабылдаушы ел арасында жасалған келісіммен айқындалады.

X бап

Қаржы

      Орталықтың тәуелсіз бюджеті және өздерінің зерттеу және әкімшілік мақсаттары үшін қаражаты болуға тиіс, ол:

      а) мүше мемлекеттердің жарналарынан;

      б) қайырмалдықтар мен қайырымдылық көмектен;

      в) жобаларды әзірлеу мен іске асырудан түсетін кірістер сияқты басқа көздерден құралуға тиіс.

XI бап

Күшіне енуі

      Осы Жарғы үшінші ратификациялық грамота/бекіту туралы құжат ЭЫҰ Бас хатшысына сақтауға тапсырылғаннан кейін күшіне енеді.

XII бап

Нормативтік құжаттар

      Орталық өзінің жеке қаржылық және кадр ережелерін, Басқарушылар кеңесі мақұлдауға тиіс серіктестік зерттеу институттарымен және басқа да өңірлік және халықаралық зерттеу ұйымдарымен оның ынтымақтастығын реттейтін рәсімдер мен шарттарды әзірлеуге тиіс.

XIII БАП

Түзетулер

      Осы Жарғыға мүше мемлекет немесе Орталықтың Атқарушы директоры ұсынатын түзетулерді Басқарушылар кеңесі мақұлдауға тиіс.

XIV бап

Ресми тілі

      Орталықтың ресми тілі - ағылшын тілі.

      Ашғабатта 2021 жылғы 27 қарашада ағылшын тіліндегі жалғыз данада қол қойылды, ол ЭЫҰ Бас хатшысының сақтауында қалады. Куәландырылған көшірмелерді ЭЫҰ Хатшылығы қол қойған барлық мемлекеттерге жіберетін болады.

      Ауғанстан Ислам Республикасы үшін:
      Әзербайжан Республикасы үшін:
      Иран Ислам Республикасы үшін:
      Қазақстан Республикасы үшін:
      Қырғыз Республикасы үшін:
      Пәкістан Ислам Республикасы үшін:
      Тәжікстан Республикасы үшін:
      Түркия Республикасы үшін:
      Түрікменстан үшін:
      Өзбекстан Республикасы үшін:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады