1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шетел банктерiнiң ұсынған шоттары негiзiнде дәрменсiз зайымшылар үшiн 1-қосымшаға сәйкес жалпы сомасы 3 962 107, 09 (үш миллион тоғыз жүз алпыс екi мың жүз жетi АҚШ доллары тоғыз цент) мерзiмi өткен төлемдердi және 2-қосымшаға сәйкес, алдағы төленетiн жалпы сомасы 81 006, 15 (сексен бiр мың алты АҚШ доллары он бес цент) АҚШ долларын, сондай-ақ есептелген айыппұлдар сомасын 1997 жылға арналған бюджетте көзделген "Несиелендiру минус өтеу" бөлiмiндегi қаражат шегiнде төлесiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi
алынған қаражатты республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету
жөнiнде барлық қажеттi шараларды қолдансын.
3. Осы өкiмiнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
1997 жылғы 15 сәуiрдегi
N 100-ө өкiмiне
1-қосымша
Шетел несиелерiн өтеу жөнiндегi мерзiмi өткен
төлемдердiң
С О М А С Ы
АҚШ долларында*
---------------------------------------------------------------------
Займшы-ұйым | Төлем сомасы | Оның iшiнде
| |--------------------------------
| |негiзгi |проценттер |басқасы
| |борыш | |
---------------------------------------------------------------------
Герман несие желiсi | | |
| | |
"Павлодар-трактор" |2 964 939, 43 |2 106 591,27| 858 348,16 -
АҚ | | |
| | |
"Құрылысфарфор" АҚ | 997 167, 66 | 808 842,23| 188 325,43 -
---------------------------------------------------------------------
Барлығы 3 962 107, 09 |2 915 433,50|1 046 673,59 -
---------------------------------------------------------------------
* Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1997 жылғы 24
наурыздағы бағамы бойынша 1 АҚШ доллары - 1, 68 немiс маркасы
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
1997 жылғы 15 сәуiрдегi
N 100-ө өкiмiне
2-қосымша
Шетел несиелерiн өтеу жөнiндегi алдағы төленетiн
төлемдердiң
С О М А С Ы
АҚШ долларында*
---------------------------------------------------------------------
Займшы-ұйым | Төлем | Оның iшiнде
| сомасы |-------------------------------------
| |негiзгi|проценттер |басқасы
| |борыш | |
---------------------------------------------------------------------
Австрия несие желiсi| | | |
| | | |
"Фосфор" АҚ | 81 006,15 | - | 53 066,06 | 27 940,09
---------------------------------------------------------------------
Барлығы 81 006,15 | - | 53 066,06 | 27 940,09
---------------------------------------------------------------------
* Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы бағамы бойынша 1 АҚШ доллары - 10,10 австрия шиллингi
