1. "КАТЭП ҰАК" акционерлiк қоғамына "КАТЭП ҰАК" акционерлiк қоғамы мен "КАТКО" бiрлескен кәсiпорны арасында 1997 жылы 18 ақпанда жасасылған келiсiм-шарт бойынша Қазақстан Республикасынан 5 кг сынама түрiнде уран концентратын және 2000 литр мөлшерiнде құрамында уран бар
ерiтiндi әкетуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ғылыми министрлiгi - Ғылым
Академиясы жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк "КАТЭП ҰАК"
акционерлiк қоғамының ядролық материалдарды әкетуiне бақылау жасауды
қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
