1. "Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорнының "Emsas Insааt, Тоurisм, Ticaret ve Sаn.А.S." фирмасымен "Алатау" қонақ үйi кешенiн басқаруға беруге жасасқан келiсiм-шарт мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
"Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорны ұсынған жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне, келiсiм-шарт пен несие беруге байланысты басқа да құжаттарға, сондай-ақ сұралып отырған несиенiң қосымша көлемiне кепiлдемелер мен кепiлдiктi қамтамасыз етуге банктiк сараптама жүргiзсiн;
"Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорнымен белгiленген тәртiппен қосымша несие келiсiмiн жасасын;
"Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорнының аванстық төлемдi, берiлген несие сомасын және ол бойынша проценттердi төлеуiн, сондай-ақ бiрлескен кәсiпорын жұмсаған банк шығыстарын өз қаражаты есебiнен бақылау жасасын;
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының
орындалуына бақылау жасасын.
4. "Түркия Республикасының Үкiметi беретiн кредит есебiнен
қаржыландырылатын жобалар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 2 тамыздағы N 866
қаулысына 1-қосымшаға мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
"Жастартурспортминi "Алатау" қонақ 2 "Эмсаш" фирмасы"
үйiнiң кiшi
қанатын қайта
жаңарту
деген жолдағы "2" деген сан "4,45" деген санмен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
