1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қосымшаға сәйкес республикалық бюджет пен республикалық бюджетке заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша телекоммуникациялар көрсеткен қызметi үшiн берешегi бар бюджеттiк ұйымдардың қаржыландыру есебiне берешегi бар "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының арасындағы жалпы сомасы 470479 мың (төрт жүз жетпiс миллион төрт жүз жетпiс тоғыз мың)
теңге берешекке бiр жолғы есептеу жүргiзсiн.
2. Есептеу аталған сомаларды 1997 жылғы 1 наурыздағы жағдай
бойынша республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде
көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 31 наурыздағы
N 439 қаулысына
қосымша
Есептеуге қабылданатын, "Қазақтелеком" ҰАК
берешегi бар республикалық бюджет қаражатының есебiнен
қаржыландырылатын министрлiктер мен ведомстволардың
тiзбесi
мың теңге
_____________________________________________________________
Министрлiктер мен ведомстволар |Есепке қабылданатын
| сома
_______________________________________|_____________________
Парламент | 29972
Қорғаныс министрлiгi | 158358
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi | 43732
Мемлекеттiк тергеу комитетi | 33616
Iшкi iстер министрлiгi | 35083
Iшкi әскерлер Қолбасшысының бас |
басқармасы | 20276
Президенттiң Күзет қызметi | 113909
Сыртқы iстер министрлiгi | 17640
Экология және биоресурстар министрлiгi | 5493
Республикалық ұлан | 900
Әдiлет министрлiгi | 11500
|
Барлығы | 470479
