1. Техникалық көмек займының 5 359 500 АҚШ доллары мөлшерiндегi резервтiк қорының бөлiнуi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет:
Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң ережелерiне сәйкес займның iске асырылуын үйлестiрудi және тауарлар сатып алудың жүргiзiлуiне бақылау жасауды жүзеге асырсын:
займ қаржыларын пайдаланудың есебiн жүргiзсiн және осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне есеп берсiн:
займ қаржыларының бөлiнуiндегi өзгерiстер туралы Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне өзгерiстер туралы Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне хабарласын.
3. Қосымшада көрсетiлген жауапты ұйымдар займ қаражатына алынған тауарларға есеп жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тоқсан сайын есеп берсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi Қазақстан Республикасының министрлерiне, ведомстволарына осы қаулы бойынша да "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 17 P940017_ қаулысымен бекiтiлген Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң техникалық көмек займы қаржысын қайта бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қазандағы N 1329 P951329_ қаулысы бойынша да бөлiнген техникалық займ көмегi қаражатының мақсатты пайдаланылуын тексерудi қамтамасыз етсiн және нәтижесi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне мәлiмдесiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен жоғарыда аталған қаулыға сәйкес берiлген Техникалық көмек займының орнын толтыру жөнiндегi келiсiмге қол қойсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
24 қаңтардағы
N 92 қаулысына
қосымша
Техникалық көмек займының резервтiк қорын бөлу
(мың доллар)
______________________________________________________________________
Министрлiктердiң, і Қаулы і 1995 ж.15 і Қажет.і
ведомстволардың і 15.01.94і13.10.95і желтоқсанғаі тiлiк іБөлу
атауы і N 17 і N 1329 і игерiлгенi і і
______________________________________________________________________
Әдiлетминi
Құқықтық реформа 1500 1950 1474.865 1500 300
Компьютерлер сатып алу 500 200 49.992
Мемстатком
Консультациялық қызмет 450 450 449.260
Компьютерлер 60 250 60.004
Есептеу техникасы 1800 1800 1000 1000
Бағалы қағаздар
жөнiндегi ұлттық комиссия
Компьютерлер - - - 100 100
Медициналық
сақтандыру қоры
Компьютерлер - - - 3600 618,5
Iшкiісминi
Компьютерлер - - - 352
Қазынашылық
Компьютерлер - - - 3000 3000
Кеденком
Компьютерлер - - - 1000
Денсаулықминi
Консультациялық қызмет 575 575 574.310 750
Компьютерлер 25 25 25 150
Аттестациялық комитет
Компьютерлер - - - 41 41
Жиыны 4910 5250 2633.431 11493 5059,5
Ақпарат бюллетеньдерiн шығару 300
Барлығы 4910 5250 2633.431 11493 5359,5
