1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 167 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне министрдiң 4 орынбасарын, соның iшiнде бiреуi бiрiншi сондай-ақ саны 13 адамдық алқаны ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль
лимитi белгiленсiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қазандағы N 1127
қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7
қазандағы N 1127 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 117
қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1819 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi орталық аппаратының құрылымы
Басшылық
Темiр жол көлiгi департаментi
Автомобиль көлiгi департаментi
Әуе көлiгi департаментi
Су көлiгi департаментi
Автомобиль жолдарының департаментi
Байланыс департаментi
Экономика басқармасы
Сыртқы байланыстар басқармасы
Аппарат жұмысын және кадр жұмысын ұйымдастыру басқармасы
Көлiк инспекциясы
