1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 190 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне министрдiң 5 орынбасарын, соның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ саны 12 адамдық алқа ұстауына рұқсат берiлсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.06.28.
N 308 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
орталық аппаратына 6 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
<*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.06.28.
N 308 қаулысымен.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық
аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1365 қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5
желтоқсандағы N 1365 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 593
қаулысы.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1801 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi орталық аппаратының
Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы
Болжамдау және нарық құрылымдарын жетiлдiру
бас басқармасы
Егiншiлiктегi саясатты әзiрлеу бас басқармасы
Мемтұқыминспекциясымен мал шаруашылығы саясатын әзiрлеу
бас басқармасы
Қаржы-инвестициялық саясат бас басқармасы
Техникалық саясат және Мемауылшаруашартехқадағалаумен бiрге
қызмет көрсету басқармасы
Заңды тұлға құқындағы Мал дәрiгерлiгi комитетi
<*>
Кадр және құқықтық саясат бас басқармасы
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
Балық шаруашылығы басқармасы
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң сапасы жөнiндегi мемлекеттiк
инспекциясымен бiрге маркетинг зерттеулерi басқармасы
АӨК-нi ғылыми қамтамасыз ету басқармасы
Шаруашылық басқармасы
Ескерту. Қосымшаға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.18.
N 472 қаулысымен.
