1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппаратының қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 63 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiне министрдiң 2 орынбасарын, оның iшiнде министрдiң бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ саны 9 адам алқа ұстауына рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар
министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 3 қызметтiк жеңiл автомобиль
лимитi белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар
министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 қарашадағы N 1265
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1789 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар
министрлiгi орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Ғылыми-технологиялық дамуды және ғылыми-техникалық
бағдарламаларды болжамдау басқармасы
Ақпараттық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Қаржы-экономика басқармасы
Ғылыми-техникалық сараптама бөлiмi
Халықаралық ынтымақтастық бөлiмi
Ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасы
Ғылымминi жанындағы орталық атқарушы органдар
Ғылымминi жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi
Ғылымминi жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк
