Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы
Мемлекеттiк терминологиялық комиссия туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы
N 744 қаулысымен
P940744_
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж.,
N 27, 304-құжат) бекiтiлген Мемлекеттiк терминологиялық комиссиясының
құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң орынбасары
(төраға)
Көшербаев Қ.Е. - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
Аппараты Басшысының орынбасары,
Iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi
(комиссия мүшесi)
Жұрынов М.Ж. - Қазақстан Республикасының Бiлiм
министрi (комиссия мүшесi)
2. Комиссияның құрамынан Т.Т. Жүкеев, Е.Ә. Мәмбетқазиев,
С.А. Абдрахманов шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 17 қазан N 1339. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.21. N 367 қаулысымен. ~P980367
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
