1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау мен бәсекелестiктi дамыту қорының ағымдағы есеп шотына қаражат аударуды мемлекеттiк күрделi салымдарды қаржыландырудың шығыс кесте-жоспарының негiзiнде, онда объектiлердi көрсетусiз және басқа құжаттар табыс етусiз жүргiзу ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау мен
бәсекелестiктi дамыту қоры және оның облыстық бөлiмшелерi:
Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорынан бөлiнген
қаржыны қайтарымдық пен төлемдiк шарттары бойынша беретiн болсын;
қаржыландырушы банктермен бiрлесiп, бұл қаржының мақсатты
пайдаланылуын әрi дер кезiнде қайтарылуына бақылау орнатсын;
Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорының
Үйлестiру кеңесiне 1994 жылдың бiрiншi жарты жылдығының жұмыс
қорытындылары бойынша бөлiнген қаржының пайдаланылуы туралы ақпарат
табыс етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
