Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 739 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2026 жылғы 19 тамыздағы
№ 739 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптарды және олар бойынша жүру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 843 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптарда және олар бойынша жүру қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптарда:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптар және олар бойынша жүру қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптарды және олар бойынша жүру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптарды белгілейді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптар, олар бойынша жүру қағидалары";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелері (бұдан әрі – теміржол және автомобиль жолдарының учаскелері) көліктің жүру бағыты бойынша ақпараттық қалқандармен, белгілермен белгіленеді, оларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп ету немесе ақпараттық қалқан орналасқан жерден Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейінгі қашықтық туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген осы учаскелерде қолданылатын шектеулер туралы ақпарат орналастырылады. Ақпарат мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде, сондай-ақ шектес мемлекеттің ресми тілінде орналастырылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптар";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының қазақстандық бөлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының сызығынан кемінде он метр қашық жерде орналасады және бейнебақылау, сигнализация жүйелерімен, жарықтандыру аспаптарымен жабдықталатын қоршаумен, сондай-ақ шекара нарядтарының жүріп-тұруы үшін өтетін жерлермен жабдықталады.";

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде шектес мемлекеттердің бөліктері арасында уақытша бақылауды енгізу немесе қатынасты тоқтата тұру үшін арнайы өткелде қажетті инфрақұрылым (құрылыстар) салынады. Көрсетілген инфрақұрылымды (құрылыстарды) пайдалану тәртібі халықаралық келісімдермен белгіленеді.".

      2. "Өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидалары, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптарда:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Өткізу пункттерін ашу тәртібі";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бастамашы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына өткізу пункттерін орнату жөніндегі мемлекеттік бақылау органдарының ұсыныстарын, келісілген материалдары мен қорытындыларын Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне жібереді.

      6. Шектес мемлекетпен өткізу пунктін орнату мәселесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісілді, одан кейін Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі белгіленген тәртіппен тиісті келісімдердің жобаларын әзірлейді.

      Осы тармақтың талаптары теңіз және әуе (авиациялық) өткізу пункттерін орнату мәселесін қарау кезінде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

      7. Өткізу пунктін ашу туралы шектес мемлекетпен келісім жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне өткізу пунктін орнату туралы мүдделі мемлекеттік органдармен белгіленген тәртіппен келісілген Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын ұсынады, онда оның атауы мен мәртебесі көрсетіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының Үкіметі өткізу пунктін орнату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мемлекеттік бақылау органдарының ұсыныстары негізінде тапсырыс беруші функциясын орындайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу пунктін жобалауды, салуды және пайдалануға енгізуді қамтамасыз етеді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Өткізу пункттерін жабу тәртібі";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Өткізу пункті уақытша немесе толық жабылады.";

      14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Өткізу пунктін уақытша жабу туралы шешім қабылдау немесе оны қабылдамау туралы шектес мемлекетке халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен, ал басқа да мүдделі мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы хабарланады.

      15. Өткізу пункті:

      1) Мемлекеттік шекара арқылы көлік қатынасын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшіне енуі;

      2) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының өткізу пунктінің одан әрі жұмыс істеуінің орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиісті халықаралық шартқа өткізу пунктін жабу туралы өзгерістер енгізілуі не Қазақстан Республикасының одан шығуы;

      3) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиісті екіжақты халықаралық шарттан қатысушы мемлекеттің шығуы негізінде толық жабылады.

      16. Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау органдары ұсынған өткізу пунктінің жұмыс істеуінің орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы келісілген қорытынды негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өткізу пункті толық жабылады.

      17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен өткізу пунктінің бекітілген тізбесіне тиісті өзгерістер енгізіледі. Қабылданған шешім туралы шектес мемлекетке және басқа мүдделі мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы хабарланады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Өткізу пункттерінің жұмыс істеу (пайдаланылу) тәртібі";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Әрбір өткізу пунктінде оның ерекшелігіне (санатқа бөлінуі, жіктелуі, инфрақұрылымның дамуы және техникамен жарақтандырылуы, шекара сызығынан қашықтығы, жыл мезгілі) байланысты Мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұйымдастырудың бекітілген үлгі схемалары негізінде Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізуді ұйымдастыру схемалары әзірленеді және олар мемлекеттік бақылау органдары мен көлік ұйымдары басшыларының бірлескен шешімімен бекітіледі.

      Өткізу пункті жұмысының жалпы тәртібі (жұмысты бастау және аяқтау уақыты, технологиялық үзілістер) көлік ұйымдарының әкімшілігімен, әуежай, теңіз немесе өзен порты, теміржол вокзалы, станция, автовокзал бастықтарымен келісу бойынша мемлекеттік бақылау органдары басшыларының бірлескен шешімімен бекітіледі және шектес мемлекеттің шекара өкілдерімен келісіледі.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Өткізу пункттерін санаттарға бөлу";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Өткізу пункттерін жіктеу";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Өткізу пункттерін жайластыру тәртібі";

      32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті жер бедерінің жағдайына байланысты өткізу пункттері Мемлекеттік шекара сызығынан қажетті қашықтыққа ауыстырылады.";

      38-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бақылау кезеңінде уақытша болу үшін санитариялық-тұрмыстық жағдайлар жасалған (отыру үшін орындар, дәретхана бөлмелері), жолаушыларға арналған залдар. Кіру залында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық пункті орналасатын үй-жай көзделеді.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Жолаушылар легі қарқынды өткізу пункттерінде жолаушылар мен мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлері үшін кіретін есіктер бөлек болуы мүмкін.";

      45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Автокөлікке арналған қарап тексеру алаңдары бақылаудың барлық түрі жүріс жолақтарының өзінде жүзеге асырылатындай, ал арнайы бақылау жүргізу үшін көлік құралын жалпы лектен шығару мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей орналасады.

      46. Қозғалыс қарқынын негізге ала отырып, автокөлікті ресімдеу алаңдары автокөліктің бір немесе бірнеше түріне қызмет көрсетуге арналған бақылау секцияларының қажетті санымен жабдықталады. Әрбір бақылау секциясы бір бағыттаушы аралдан тұрады, онда екі бағытқа жүретін екі бақылау жолағы болады. Бағыттаушы аралда мемлекеттік бақылау органдарының арнайы бақылау павильондары орналасады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасындағы өткізу пункттерінде қарап тексеру алаңына кіреберісте көліктік бақылау бекеті жабдықталады, ол таразы жабдығымен және габаритті өлшеуге арналған басқа да құрал-саймандармен жарақтандырылады.";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Өткізу пункттерін техникалық жарақтандыруға және жаңғыртуға қойылатын талаптар";

      61-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) интеграцияланған цифрлық жүйе;";

      63-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Паспорттық бақылау жүйесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лауазымды адамдарының Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды өткізу негіздерінің жеткілікті болуын тексерудің белгіленген рәсімдерін орындауына арналған және құжат тексерудің "Бүркіт" бірыңғай цифрлық жүйесіне интеграцияланған техникалық құралдарын, құжаттардың төлнұсқалығын тексеру аспаптарын, қосалқы жабдықтарды (дактилоскопиялық сканерлер, спектрлік люминесценттік лупа), арнайы бағдарламалық қамтылымды және шекаралық бақылау құралдарын қолдану негізінде құрылады.";

      екінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету;";

      65-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелге баратын жолаушылардың багажын және қол жүгін қарауды (қарап тексеруді) кеден органының қызметкерлері рентгеноскопиялық және басқа да аппаратураны пайдаланып жүзеге асырады.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Автокөлік құралдарының салмақ параметрлері мен габариттік өлшемдерін автоматты түрде (білік бойынша) анықтау жүйесі Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында орнатылады және көлік құралдарының салмақ параметрлері мен габариттік өлшемдерін автоматты режимде анықтауға мүмкіндік береді.";

      71-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Байланыс жүйесі, телекоммуникациялық инфрақұрылыммен қоса, өткізу пункті шегінде мемлекеттік бақылау органдарының өзара іс-қимыл жасауын, сондай-ақ мемлекеттік бақылау органдарының өзара іс-қимыл жасайтын құрылымдармен және жоғары тұрған басқару органдарымен үздіксіз тұрақты байланысын қамтамасыз етеді.";

      75 және 76-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Өткізу пунктінің интеграцияланған цифрлық жүйесі Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес (Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Үкіметаралық кеңесінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 60 шешімімен бекітілген) құрылады.

      76. Биологиялық қалдықтарды жинау мен кәдеге жарату жүйесі Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында орнатылады және жеке тұлғалардың қол жүгінде, багажында және пошта жөнелтілімдерінде анықталған жануар және өсімдік текті тауарларды жинауды, уақытша сақтауды (кәдеге жарату орнына дейін тасымалдау) және жоюды қамтамасыз етеді.";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Өткізу пунктінің жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптар";

      83 және 84-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Шетелдік көлік компанияларының жедел басқаруындағы теміржол учаскелерінде, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және тиісті инфрақұрылымы жоқ теміржол өткізу пункттерінде жолаушылар пойыздарын бақылаудан өткізу жағдай жасалғанға дейін уақытша шекаралық нарядты отырғызу жүзеге асырылған теміржол станцияларынан бастап олардың жүру жолында өткізу пунктіне дейін не Мемлекеттік шекара сызығына дейін және кері қарай жүргенде не жолаушылар пойыздары тұрған кезеңде өткізу пункттерінде және шекаралық бақылау бөлімшелері бар станцияларда жүзеге асырылады.

      84. Ресей Федерациясының аумағынан Ресей Федерациясының аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен келе жатқан шетелдік пойыздарға қатысты бақылау Қазақстан Республикасының аумағында отыруды (түсуді) жүзеге асырған адамдарға қатысты жүргізіледі.";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Сервистік инфрақұрылым";

      87-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға ыңғайлы болуы үшін шекаралық, кедендік бақылау режимдік аймақтарынан тыс жерлердегі өткізу пункттерінде мынадай сервистік инфрақұрылым қосымша орналасады:".

      3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қазандағы № 1057 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      4. "Шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1181 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Шекара белгілерінің нысандарында, көлемдерінде, сипаттамасында, конструкциясында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шекара белгілерінің нысандары, көлемдері, сипаттамасы, конструкциясы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Негізгі шекара белгілері";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Аралық шекара белгілері";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Шекара белгілерін орнату қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шекара белгілерін орнату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) шекара белгілерін орнату тәртібін айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Гидротехникалық объектілерге жақын орнатылатын шекара белгілері осы объектілерге қызмет көрсетуге кедергі келтірмейтіндей етіп орналастырылады.";

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шекаралық су айдындары, өзендер (жылғалар) арқылы ететін көпірлерде, бөгеттерде және құрылыстарда Мемлекеттік шекара ені 0,2 метр ақ түсті жолақпен белгіленеді.".

      5. "Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1275 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Рұқсаттамалар беру тәртібі";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке тұлға рұқсаттама алу үшін Шекара қызметіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта өтініш береді.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттама алуға ұсыну;";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өтініште немесе ұсынуда анық емес мәліметтерді көрсету фактісі белгіленген не осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда Шекара қызметі үш жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес уәжді бас тартуды береді.

      6. Рұқсаттамаларды беруді Шекара қызметі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы электрондық форматта жүзеге асырады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны қорғау мүддесін ескеріп, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттамалардың қолданылуына шектеу енгізеді немесе оны уақытша тоқтатады.";

      Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларына 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларына 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларына 3-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларына 4-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6. "Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларында, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Рұқсат беру тәртібі";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (бұдан әрі – бастамашы) рұқсат алу үшін электрондық форматта "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне (бұдан әрі – Шекара қызметі) мынадай құжаттарды:";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Рұқсат жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың қолданылу мерзіміне, бірақ Қағидалардың 3-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының азаматтарынан жасақталған қазақстандық кеменің экипаж мүшелері ауыстырылған жағдайда бастамашы портал арқылы Шекара қызметіне бұған дейін рұқсат алған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – ауыстыру туралы өтініш) береді.";

      10-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардан жасақталған қазақстандық кеменің экипаж мүшелері ауыстырылған жағдайда бастамашы портал арқылы Шекара қызметіне осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру туралы өтініш береді, онда ауыстыру себебін көрседі.";

      екінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен халықаралық келісімдер жасасқан мемлекеттерден келген азаматтарды қоспағанда, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар үшін визаның көшірмесі қоса беріледі.";

      4-қосымшаның тақырыбында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Шекара қызметінің лауазымды адамдары мынадай құжаттардың:";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Шекара қызметінің лауазымды адамдары қазақстандық кеменің капитанына (иесіне) және экипаж мүшелеріне оның бортындағы кәсіпшілік өнімдері, жүктер мен тауарлар туралы ауызша сауалнама жүргізеді, сондай-ақ (өзі немесе капитанмен (иесімен) бірге) қазақстандық кемені тексеріп қарауды жүргізеді.";

      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Кәсіпшілікті жүзеге асыру кезінде рұқсатқа сәйкес мынадай талаптар сақталады:".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2026 жылғы 19 тамыздағы
№ 739 қаулысына
1-қосымша
Шекаралық белдеуге кіруге
  және онда болуға рұқсаттамалар
  беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Өтініш (заявление)

      Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама беруді сұраймын

      (прошу выдать пропуск на въезд и пребывание в пограничную полосу)

      _________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (елді мекен, аудан, облыс) (населенный пункт, район, область)

      Мақсаты (цель) ________________________________________________

      Уақыты (время) _______________________________________________

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын

      (о себе сообщаю следующие сведения)_____________________________

      Тегім (фамилия) _______________________________________________

      Атым (имя) ___________________________________________________

      Әкемнің аты (отчество) (бар болса, при его наличии)________________

      Туған жылым мен жерім (год и место рождения)____________________

      Жұмыс орным (место работы)____________________________________

      ______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (ұйымның атауы және лауазымы) (наименование организации и должность)

      жеке басымды куәландыратын құжаты (документ, удостоверяющий личность)

      __________________________________________________________________

      №________ 20____ жылғы "___" _____________________________________

      __________________________________________________________________

      (жеке басымды куәландыратын құжатты берген органның атауы және күні)

      (дата и наименование органа, выдавшего документ, удостоверяющий личность)

      Тұрғылықты жерім (местожительство)_______________________________

      Өзіммен бірге балаларым барады (со мной следуют дети)______________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (аты және жасы) (имя и возраст)

      Өтініш білдірушінің электрондық мекенжайы

      (электронный адрес заявителя)

      _________________________________________________________

      Ұсынылған деректердің дұрыстығына өзім жауапты боламын

      (я несу персональную ответственность за достоверность представленных данных).

      _____________________________

      (күні, айы, жылы) (дата, месяц, год)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2026 жылғы 19 тамыздағы
№ 739 қаулысына
  2-қосымша
Шекаралық белдеуге кіруге
  және онда болуға рұқсаттамалар
  беру қағидаларына
2-қосымша

Ұсыну (представление)

      Тізімге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетел азаматтарына және

      азаматтығы жоқ адамдарға)___________________________________________

      __________________________________________________________________

      (елді мекен, аудан, облыс) шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға

      рұқсаттама(лар) беруді сұраймын (прошу выдать пропуск(а) на въезд и пребывание в

      пограничную полосу гражданам Республики Казахстан (иностранным гражданам и

      лицам без гражданства) согласно списку)__________

      ___________________________________________________________________

      (населенный пункт, район, область)

      Мақсаты (цель) ________________________________________________

      Уақыты (время) _______________________________________________

      Шекаралық белдеуге рұқсаттамалар алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының

      (шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың) тізімі

      (список граждан Республики Казахстан (иностранных граждан, лиц без гражданства)

      на получение пропуска в пограничную полосу)

Р/с №

Т.А.Ә. (бар болса)

Туған жылы, айы, күні

Тұратын жерінің мекенжайы

Жұмыс орны, лауазымы

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі

Азаматтығы

Ескертпе

(№ п/п)

(Ф.И.О. (при его наличии)

(число, месяц, год рождения)

(адрес места жительства)

(место работы, должность)

(номер документа, удостоверяющего личность)

(гражданство)

(примечание)

1








2








3








      Шекаралық белдеуде техникалық құралдар іске қосылатын болады

      (в пограничной полосе будут задействованы технические средства):

Р/с №
(№ п/п)

Техникалық құралдардың атауы (наименование технического средства)

Мемлекеттік тіркеу нөмірі (государственный регистрационный номер)

Жүргізушінің Т.А.Ә. (бар болса) (Ф.И.О. (при наличии) водителя)

Иесі (владелец)

Ескерпе (примечание)

1






2






      Ұсынуға мынадай құжаттар қоса беріледі (к представлению прилагаются следующие

      документы)________________________________________________

      Өтініш білдірушінің электрондық мекен-жайы (электронный адрес заявителя)

      ___________________________________________________________

      Ұсынылған деректердің дұрыстығына өзім жауапты боламын (я несу персональную

      ответственность за достоверность представленных данных).

      ___________________________________________________________________

      Лауазымы (должность)________________________ _______________________

      (күні, айы, жылы) (дата, месяц, год)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2026 жылғы 19 тамыздағы
№ 739 қаулысына
3-қосымша
Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

  Қайда (куда)
  ________________________
  ________________________
  Кімге (кому)
  ________________________
  бастамашының мекенжайы
және анықтама деректері
(адрес и установочные
  данные инициатора)

Хабарлама (уведомление)

      Сіздің 20___ жылғы ___ _________________ өтінішіңізге (ұсынуыңызға) қатысты

      құжаттарды толық көлемде бермегеніңізге немесе өтініште (ұсынуда) дұрыс

      мәліметтерді көрсетпегеніңізге байланысты шекаралық белдеуге кіруге және онда

      болуға рұқсаттама беруден бас тартатынымызды хабарлаймыз

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (на Ваше заявление (представление) от "" ________ 20 года уведомляем об отказе

      в выдаче пропуска на въезд и пребывание в пограничной полосе в связи с

      представлением документов в неполном объеме либо указанием в заявлении

      (представлении) недостоверных сведений:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Аумақтық бөлімшенің бастығы

      (начальник территориального подразделения)

      _________________________________________

      Лауазымды тұлғаның қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

      (подпись, Ф.И.О. (при его наличии) должностного лица)

      __________________________________

      Күні, айы, жылы (дата, месяц, год)

      Мөр орны (место печати)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2026 жылғы 19 тамыздағы
№ 739 қаулысына
4-қосымша
Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларына
  4-қосымша

      Нысан

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама (пропуск на въезд и пребывание в пограничной полосе)

Рұқсаттама түбіршегінің № ____
(корешок пропуска)
Берілді (выдан)
___________________________________
тұрғыны (жителю)
___________________________________
Шекаралық белдеу аумағына кіруге және
онда болуға рұқсат берілген (разрешены
въезд и пребывание в пограничной
полосе в районе)____________________
Кіру мақсаты (цель въезда)___________
Болу мерзімі (срок пребывания)_______
Болу уақыты (время пребывания)______
Негіздеме (основание)_______________
Берілген күні (дата выдачи)___________
Аумақтық бөлімшенің бастығы (начальник территориального подразделения) ___________________________________
Мөр орны (место печати)

Рұқсаттама № ____ (пропуск )
Берілді (выдан)
________________________________________
тұрғыны (жителю)
Шекаралық белдеу аумағына кіруге және
онда болуға рұқсат берілген (разрешены въезд
и пребывание в пограничной полосе в районе)
________________________________________
Кіру мақсаты (цель въезда)_________________
Болу мерзімі (срок пребывания)_____________
Болу уақыты (время пребывания)____________
Негіздеме (основание)______________________
Берілген күні (дата выдачи)_________________
Рұқсаттама жеке басын куәландыратын құжатты
көрсеткен жағдайда жарамды (пропуск
действителен при предъявлении документа,
удостоверяющего личность)_________________
Аумақтық бөлімшенің бастығы (начальник
территориального подразделения) _________________________________________
Мөр орны (место печати)

      _____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады