"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | |
| Премьер-Министрі | C. Ахметов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1275 қаулысымен бекітілген |
Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) шекаралық белдеуге кіруге, онда болуға рұқсаттамаларды (бұдан әрі – рұқсаттама) беру тәртібін айқындайды.
2-тарау. Рұқсаттамалар беру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Жеке тұлға рұқсаттама алу үшін Шекара қызметіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта өтініш береді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Жеке және заңды тұлғалар шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізуге рұқсаттама алу үшін Шекара қызметіне веб-портал арқылы электронды форматта мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттама алуға ұсыну;
2) тиісті уәкілетті органдардың шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге іс-шараларды жүргізуге рұқсат құжаттарының көшірмесі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Шекара қызметінің портал арқылы өтінішті немесе ұсынуды қарау және рұқсаттама беру мерзімі өтініш немесе ұсыну енгізілген сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
5. Өтініште немесе ұсынуда анық емес мәліметтерді көрсету фактісі белгіленген не осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда Шекара қызметі үш жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес уәжді бас тартуды береді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Рұқсаттамаларды беруді Шекара қызметі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы электрондық форматта жүзеге асырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Рұқсаттама тиісті уәкілетті органдар шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге іс-шараларды жүргізуге берген рұқсаттың қолданылу мерзімдерін ескере отырып, өтініште немесе ұсынуда көрсетілген, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін рұқсаттама күшін жояды.
8. Шекаралық белдеуге тікелей сол жерде тұратын адамдарды өткізу сол жергілікті жерде нақты тұратыны туралы жергілікті атқарушы органдар берген анықтамасы болған жағдайда, жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша жүзеге асырылады.
Шекаралық белдеуде тұратын, бірақ одан тыс жерде оқитын орта мектеп оқушылары, оқу орындарының студенттері жергілікті атқарушы органдардың олардың шекаралық белдеудің елді мекендерінен оқуға шығатындарын растайтын анықтамалары бойынша шекаралық белдеуден шығады (кіреді).
Шекаралық белдеуге ата-анасымен немесе өздерімен бірге жүретін адамдармен кіретін 16 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметтер осы адамдардың рұқсаттамасына енгізіледі.
9. Жақын туыстары қайтыс болған (ауырған) жағдайда адамдар өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар және медицина ұйымдары растаған тиісті жеделхаттар (анықтамалар) бойынша, ал туыстары жерленген жерлерге бара жатқанда жерлеу орнын растайтын мәліметтер бойынша шекаралық белдеуге рұқсаттама ресімдемей кіреді.
10. Рұқсаттамалар жоғалған (бүлінген) жағдайда жеке және заңды тұлға портал арқылы Шекара қызметіне рұқсаттаманы жоғалту фактісі бойынша түсініктемені көрсетіп, оны қайта беру туралы өтінішхатты ұсынады.
Шекара қызметі рұқсаттаманы қайтадан беруді үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде портал арқылы электрондық форматта жүзеге асырады.
11. Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны қорғау мүддесін ескеріп, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттамалардың қолданылуына шектеу енгізеді немесе оны уақытша тоқтатады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.| Шекаралық белдеуге кіруге | |
| және онда болуға рұқсаттамалар | |
| беру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Өтініш (заявление)
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама беруді сұраймын
(прошу выдать пропуск на въезд и пребывание в пограничную полосу)
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс) (населенный пункт, район, область)
Мақсаты (цель) ________________________________________________
Уақыты (время) _______________________________________________
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын
(о себе сообщаю следующие сведения)_____________________________
Тегім (фамилия) _______________________________________________
Атым (имя) ___________________________________________________
Әкемнің аты (отчество) (бар болса, при его наличии)________________
Туған жылым мен жерім (год и место рождения)____________________
Жұмыс орным (место работы)____________________________________
______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(ұйымның атауы және лауазымы) (наименование организации и должность)
жеке басымды куәландыратын құжаты (документ, удостоверяющий личность)
__________________________________________________________________
№________ 20____ жылғы "___" _____________________________________
__________________________________________________________________
(жеке басымды куәландыратын құжатты берген органның атауы және күні)
(дата и наименование органа, выдавшего документ, удостоверяющий личность)
Тұрғылықты жерім (местожительство)_______________________________
Өзіммен бірге балаларым барады (со мной следуют дети)______________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(аты және жасы) (имя и возраст)
Өтініш білдірушінің электрондық мекенжайы
(электронный адрес заявителя)
_________________________________________________________
Ұсынылған деректердің дұрыстығына өзім жауапты боламын
(я несу персональную ответственность за достоверность представленных данных).
_____________________________
(күні, айы, жылы) (дата, месяц, год)
| Шекаралық белдеуге кіруге | |
| және онда болуға рұқсаттамалар | |
| беру қағидаларына 2-қосымша |
Ұсыну (представление)
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тізімге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетел азаматтарына және
азаматтығы жоқ адамдарға)___________________________________________
__________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс) шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға
рұқсаттама(лар) беруді сұраймын (прошу выдать пропуск(а) на въезд и пребывание в
пограничную полосу гражданам Республики Казахстан (иностранным гражданам и
лицам без гражданства) согласно списку)__________
___________________________________________________________________
(населенный пункт, район, область)
Мақсаты (цель) ________________________________________________
Уақыты (время) _______________________________________________
Шекаралық белдеуге рұқсаттамалар алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының
(шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың) тізімі
(список граждан Республики Казахстан (иностранных граждан, лиц без гражданства)
на получение пропуска в пограничную полосу)
Р/с № | Т.А.Ә. (бар болса) | Туған жылы, айы, күні | Тұратын жерінің мекенжайы | Жұмыс орны, лауазымы | Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі | Азаматтығы | Ескертпе |
(№ п/п) | (Ф.И.О. (при его наличии) | (число, месяц, год рождения) | (адрес места жительства) | (место работы, должность) | (номер документа, удостоверяющего личность) | (гражданство) | (примечание) |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 |
Шекаралық белдеуде техникалық құралдар іске қосылатын болады
(в пограничной полосе будут задействованы технические средства):
Р/с № | Техникалық құралдардың атауы (наименование технического средства) | Мемлекеттік тіркеу нөмірі (государственный регистрационный номер) | Жүргізушінің Т.А.Ә. (бар болса) (Ф.И.О. (при наличии) водителя) | Иесі (владелец) | Ескерпе (примечание) |
1 | |||||
2 |
Ұсынуға мынадай құжаттар қоса беріледі (к представлению прилагаются следующие
документы)________________________________________________
Өтініш білдірушінің электрондық мекен-жайы (электронный адрес заявителя)
___________________________________________________________
Ұсынылған деректердің дұрыстығына өзім жауапты боламын (я несу персональную
ответственность за достоверность представленных данных).
___________________________________________________________________
Лауазымы (должность)________________________ _______________________
(күні, айы, жылы) (дата, месяц, год)
| Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
| Қайда (куда) | |
| ________________________ | |
| ________________________ | |
| Кімге (кому) | |
| ________________________ | |
| бастамашының мекенжайы және анықтама деректері (адрес и установочные |
|
| данные инициатора) |
Хабарлама (уведомление)
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Сіздің 20___ жылғы ___ _________________ өтінішіңізге (ұсынуыңызға) қатысты
құжаттарды толық көлемде бермегеніңізге немесе өтініште (ұсынуда) дұрыс
мәліметтерді көрсетпегеніңізге байланысты шекаралық белдеуге кіруге және онда
болуға рұқсаттама беруден бас тартатынымызды хабарлаймыз
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(на Ваше заявление (представление) от "" ________ 20 года уведомляем об отказе
в выдаче пропуска на въезд и пребывание в пограничной полосе в связи с
представлением документов в неполном объеме либо указанием в заявлении
(представлении) недостоверных сведений:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Аумақтық бөлімшенің бастығы
(начальник территориального подразделения)
_________________________________________
Лауазымды тұлғаның қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
(подпись, Ф.И.О. (при его наличии) должностного лица)
__________________________________
Күні, айы, жылы (дата, месяц, год)
Мөр орны (место печати)
| Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларына |
|
| 4-қосымша |
Нысан
Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама (пропуск на въезд и пребывание в пограничной полосе)
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Рұқсаттама түбіршегінің № ____ |
Рұқсаттама № ____ (пропуск ) |
