Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылдың қорытындысы бойынша, 15 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жылдың қорытындысы бойынша, 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары
Кіріспе
Осы Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 1042 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау үшін әзірленді.
АӨК дамыту саласында іске асырылып жатқан мемлекеттік саясат АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Негізгі бағыттар өндіріске қарқын беру және оны әртараптандыру, заманауи агротехнологияларды ендіру, суды көп қажет ететін және монодақылдың үлесін қысқарту, жоғары рентабельді дақылдардың алаңдарын кеңейту, отандық тұқыммен қамтамасыз етуді арттыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту, мал басының өнімділігін және малдың генетикалық әлеуетін арттыру, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін ұлғайту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі қуатты кеңейту, сондай-ақ шаралардың қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік қолдау, оның ішінде жеңілдетілген кредит беру болып табылады.
2023 жылмен салыстырғанда АӨК орнықты оң серпін көрсетіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,3 есе ұлғайып, 9,8 трлн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі 105,9 % құрады. Азық-түлік өндірісінің көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өсіп, 3,9 трлн теңгеге жетті. Азық-түлік өндірісінің нақты көлемінің индексі 2025 жылы 108,1 % құрады. АӨК өнімінің экспорты 10 жылда алғаш рет елге шамамен 3,5 трлн теңге валюталық түсім немесе 7 млрд АҚШ долларын әкелді.
Өндірістік көрсеткіштердің өсуі ауқымды мемлекеттік қолдау және агротехнологияларды ендіру есебінен қамтамасыз етілді. 2025 жылы салаға жеңілдетілген кредит беру көлемі шамамен 1 трлн теңгені құрады. Сондай-ақ 2025 жылы дақылдарды нақты әртараптандыру жүргізілді: бидай монодақылының алқаптары 900 мың гектарға қысқартылды, бұршақ және майлы дақылдар алқаптары тиісінше 275 мың гектарға және 1 млн гектардан астам ұлғайтылды.
Минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейі 1,8 млн тоннаға жетті, элиталық тұқымдардың үлесі 11,6 %-ға дейін өсті. Ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің көлемі алғаш рет 250 млрд теңгеге жетті, бұл екі жыл ішінде жаңарту деңгейін 6,5 %-ға дейін арттыруға, сондай-ақ техника паркінің тозу деңгейін 80 %-дан 70 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Алынған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етеді және жоғары экспорттық әлеуетті қалыптастырады. Астық экспорты 2024 – 2025 жылдары 15,3 млн тоннаны құрады, бұл соңғы 20 жылдағы ең үлкен көрсеткіш. Экспорт географиясы әлемнің 50-ден астам елін қамтиды.
Мал шаруашылығы секторы да тұрақты өсуді көрсетеді. Мал басы көбейіп, асыл тұқымды база дамып, өнімділік артып келеді. 2025 жылы алғаш рет 100,7 мың тонна ет экспортталды.
Мал шаруашылығын белсенді дамыту, оның ішінде елдегі ветеринариялық қауіпсіздікті және эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізілген жүйелі жұмыс есебінен қамтамасыз етілді. Эпизоотиялық жағдайдың айтарлықтай жақсарғаны байқалады: 2023 жылдан бері ауру ошақтарының саны 63 %-ға азайды. Вакцинация және диагностика саласында қолданылатын вакциналардың сапасын бақылау күшейтілді, сондай-ақ отандық вакциналар мен диагностикалық құралдардың үлесі 54 %-дан 77 %-ға дейін ұлғайды, бұл импортқа тәуелділікті төмендетуге және ветеринариялық қауіпсіздік жүйесінің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.
Қадағалау жүйесін жетілдіру мақсатында ақпараттық жүйелер пысықталып, "ВетЛаб", "Карантиндеу", "РЭО" және "ВСС" модульдері іске қосылды, бұл ветеринариялық бақылаудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар Дүниежүзілік жануарлар саулығын сақтау ұйымы аусыл, құс тұмауы, африкалық және классикалық доңыз обасы, сондай-ақ африкалық жылқы обасы сияқты бірқатар аса қауіпті аурулар бойынша Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлері мен аумақтарының әл-ауқатын мойындады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және субсидия төлемдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған субсидиялау тетіктерін жетілдіру бойынша жұмыстар ұдайы жүргізілуде.
Айталық, өтеусіз негізде ұсынылатын, негізгі мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі әзірленіп, енгізілді. Жүйеде электрондық өтінім беру және өңдеу, өтінімдердің жария тізілімі және форматты‑логикалық бақылау іске асырылды. Бұл жүйе ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді, өйткені әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қарау және субсидия беру процесін онлайн режимде бақылай алады, адами фактордың әсерін барынша азайтады және процестерді автоматтандырады.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мемлекеттік қолдау алу жауапкершілігін арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӨК жалпы өнімінің өсуі түріндегі субсидия алушылар үшін қарсы міндеттемелер енгізілді, бұл жиынтығында барлық салалық көрсеткіштердің өзгеруін көрсетеді және мемлекеттік қолдау шараларының нәтижелілігін объективті бағалауға мүмкіндік береді.
2025 жылы АӨК-нің үдемелі дамуы өнеркәсіп, көлік, логистика және қойма инфрақұрылымы объектілерінің қосымша жүктемесін қамтамасыз ете отырып, экономиканың аралас салаларына 10 трлн теңгеден астам көлемде мультипликативтік әсерді қамтамасыз етті.
Аграрлық секторда қабылданып жатқан шаралар отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды, тыңайтқыштар, буып-түю материалдары мен ілеспе өнімдер өндірісін қоса алғанда, аралас өндірістердің белсенді дамуына ықпалын тигізеді, бұл өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының жүктемесінің өсуін қамтамасыз етті.
Бұл әсерге ауыл шаруашылығы шикізатын өндіруден бастап оны өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және дайын өнімді сатуға дейінгі қосылған құнның толық тізбегін дамытуға бағытталған кешенді ведомствоаралық өзара іс-қимыл есебінен қол жеткізілді.
Ирригациялық жүйелерді жаңғырту және ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету көлік логистикасы мен инженерлік инфрақұрылым салаларын дамытуда маңызды рөл атқарды, бұл жиынтығында өндірістік процестердің тиімділігін арттырып, шығындарды азайтты.
Сонымен қатар отандық өнімді өткізуді ынталандыру жөніндегі шаралар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу тетіктері арқылы және фермерлер мен отандық тауар өндірушілердің ішкі нарыққа қатысуын кеңейту саудадағы айналымды ұлғайтуға және қойма қуаттарын жүктеуге ықпалын тигізеді.
Лизинг пен кредиттеуді субсидиялауды қоса алғанда, АӨК субъектілерін қаржылық қолдау құралдарын кеңейту, сондай-ақ сақтандыру және кепілдік беру тетіктері экономиканың тоғыспалы секторларындағы инвестициялық белсенділікке қосымша серпін берді.
Жеке бизнес сегменті, оның ішінде зертханалық және сертификаттық көрсетілетін қызметтер саласында бөлек дамуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен экспорттау көлемінің өсуі агрохимиялық, ветеринариялық және фитосанитариялық зерттеу жүргізуге сұраныстың артуына алып келді, бұл жеке зертханалар желісін кеңейтуге, оларды жаңғыртуға инвестиция тартуға және көрсетілетін қызметтердің сапасының артуына ықпалын тигізеді.
АӨК-ні цифрландыруға бағытталған IT-саласының дамуы қосымша серпін алды. Егіс мониторингі, өндірістік процестерді басқару, өнімді есепке алу және қадағалау саласында цифрлық шешімдерді ендіру, сондай-ақ нарыққа қатысушылардың өзара іс-қимылы үшін платформалық сервистерді дамыту отандық IT-өнімдерге сұранысты қалыптастыруға ықпалын тигізеді және тиісті технологиялық құзыреттердің дамуын ынталандырды.
Жиынтығында аталған факторлар аралас салаларды жедел дамытуға, өндірісті оқшаулау көлемі мен деңгейін арттыруға, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған тұрақты синергетикалық әсердің қалыптасуын қамтамасыз етті.
АӨК дамыту саясаты салаға одан әрі қарқын беруге және оны әртараптандыруға, өндірістің тиімділігі мен технологиялылығын арттыруға, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталатын болады.
Кешенді жоспар Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2026 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді және өңірлер бөлінісінде қойылған мақсаттарды, міндеттер мен басымдықтарды іс жүзінде іске асыруға, сондай-ақ АӨК дамыту саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Паспорт
1. |
Атауы | Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары |
2. |
Әзірлеу негізі | Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 1042 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 27-тармағы |
3. |
Іске асыру мерзімі | 2026 – 2028 жылдар |
4. | Әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылардың атауы | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, СИМ, ЖАО, "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ, "ҰАҒББО" КеАҚ, "АНК" АҚ |
5. |
Кешенді жоспарды қабылдаудың қажеттігі туралы негізгі проблемалар мен оларды шешу жөніндегі міндеттер көрсетілген қысқаша ақпарат | Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдау АӨК-ні одан әрі жандандыру және әртараптандыру, өндірістің тиімділігі мен технологиялылығын арттыру, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту қажеттігімен негізделген |
Р/с № | Атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі | Қаржыландыру көлемі, млн теңге | Қаржыландыру көздері |
Ескертпе:
* Егіс алқаптарының құрылымы бюджет қаражатының бөлінуіне, нарық конъюнктурасының өзгеруіне, сондай-ақ іске асыру түрлеріне, дайындық деңгейіне және инвестициялық ірі жобалардың, оның ішінде шетелдіктер қатысатын жобалардың жүктемесіне байланысты жыл сайын қайта қаралуы мүмкін;
** АШМ 2026 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарында көзделген қаражат.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
"АНК" АҚ – "Аграрлық несие корпорация" акционерлік қоғамы;
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
"Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ – "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
"Еуразия" ТСО – "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы;
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
ЖБ – жергілікті бюджет;
ЖҚШ – жеке қосалқы шаруашылықтар;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
ҚР – Қазақстан Республикасы;
РБ – республикалық бюджет;
САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс ақпараттық қоры (асыл тұқымды жануарлар және селекциялық процеске тартылған жануарлар туралы деректерді жинау, жинақтау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі, жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және арттыру, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылады, уәкілетті орган айқындаған оператор сүйемелдейді);
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
"Орталық Азия" ХӨКО – "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы;
ІҚМ – ірі қара мал;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ҰҚМ – ұсақ мал.
| Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына 1-қосымша |
Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру: бидай, мың га
Өңірлер | 2025 жыл (факт) | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Абай | 234,1 | 234,1 | 234,1 | 234,1 |
Ақмола | 3 883,6 | 3 843,6 | 3 813,6 | 3 783,6 |
Ақтөбе | 319,7 | 319,7 | 319,7 | 319,7 |
Алматы | 35,8 | 35,8 | 35,8 | 35,8 |
Атырау | - | - | - | - |
Шығыс Қазақстан | 162,9 | 170,7 | 168,9 | 165,2 |
Жамбыл | 157,7 | 145,1 | 145,1 | 145,1 |
Жетісу | 87,6 | 87,6 | 87,6 | 87,6 |
Батыс Қазақстан | 187,0 | 202,7 | 198,0 | 196,0 |
Қарағанды | 779,2 | 779,2 | 779,2 | 779,2 |
Қостанай | 3 401,5 | 3 371,5 | 3 331,5 | 3 301,5 |
Қызылорда | 10,3 | 8,9 | 10 | 10 |
Маңғыстау | - | - | - | - |
Павлодар | 614,9 | 614,9 | 614,9 | 614,9 |
Солтүстік Қазақстан | 2 137,0 | 2 107,0 | 2 077,0 | 2 037,0 |
Түркістан | 240,7 | 240,7 | 240,7 | 240,7 |
Ұлытау | 17,6 | 20 | 17,6 | 17,6 |
Астана қаласы | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 |
Алматы қаласы | - | - | - | - |
Шымкент қаласы | 4,3 | 4,3 | 4,3 | 4,3 |
ҚР бойынша жиыны | 12 274,6 | 12 186,8 | 12 079,0 | 11 973,3 |
Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру: жүгері, мың га
Өңірлер | 2025 жыл (факт) | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Абай | 8,1 | 9,0 | 9,0 | 12,0 |
Ақмола | 0,3 | 15,0 | 25,0 | 35,0 |
Ақтөбе | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 |
Алматы | 48,7 | 58,0 | 60,0 | 70,0 |
Шығыс Қазақстан | 0,9 | 3,0 | 3,0 | 5,0 |
Жамбыл | 18,2 | 30,0 | 50,0 | 60,0 |
Жетісу | 42,2 | 47,4 | 55,0 | 65,0 |
Батыс Қазақстан | 2,0 | 2,0 | 2,0 | 2,0 |
Қостанай | 3,6 | 15,0 | 25,0 | 35,0 |
Қызылорда | 1,7 | 10,0 | 15 | 17 |
Павлодар | 4,9 | 4,9 | 11,0 | 30,0 |
Солтүстік Қазақстан | 2,8 | 15,0 | 25,0 | 35,0 |
Түркістан | 39,6 | 55,0 | 60 | 70 |
ҚР бойынша жиыны | 174,6 | 265,8 | 341,5 | 437,5 |
Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру: майлы дақылдар, мың га
Өңірлер | 2025 жыл (факт) | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Абай | 339,4 | 322,0 | 322,0 | 322,0 |
Ақмола | 495,4 | 534,0 | 552,2 | 569,2 |
Ақтөбе | 60,3 | 62,6 | 62,6 | 62,6 |
Алматы | 23,8 | 24,5 | 24,5 | 24,5 |
Шығыс Қазақстан | 259,5 | 232,3 | 232,3 | 232,3 |
Жамбыл | 38,0 | 40,0 | 40,0 | 40,0 |
Жетісу | 106,2 | 105,4 | 105,4 | 105,4 |
Батыс Қазақстан | 137,0 | 123,1 | 123,1 | 123,1 |
Қарағанды | 78,1 | 88,0 | 88,5 | 89,0 |
Қостанай | 873,5 | 887,0 | 905,2 | 922,2 |
Қызылорда | 6,4 | 6,1 | 6,1 | 6,1 |
Павлодар | 518,8 | 530,0 | 530,0 | 530,0 |
Солтүстік Қазақстан | 978,8 | 1 000,0 | 1 018,2 | 1 034,2 |
Түркістан | 73,0 | 86,6 | 86,6 | 86,6 |
Шымкент қаласы | 2,3 | 3,0 | 3,0 | 3,0 |
ҚР бойынша жиыны | 3 990,5 | 4 045,6 | 4 100 | 4 150 |
|---|
Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру: азықтық дақылдар, мың га
Өңірлер | 2025 жыл (факт) | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Абай | 134,7 | 137,0 | 143,0 | 151,0 |
Ақмола | 336,6 | 353,0 | 370,0 | 389,0 |
Ақтөбе | 262,8 | 264,0 | 274,0 | 285,0 |
Алматы | 203,8 | 204,0 | 210,0 | 219,0 |
Атырау | 4,9 | 5,0 | 5,0 | 5,0 |
Шығыс Қазақстан | 108,1 | 132,0 | 137,0 | 142,0 |
Жамбыл | 181,3 | 186,0 | 188,0 | 190,0 |
Жетісу | 90,5 | 96,0 | 100,0 | 104,0 |
Батыс Қазақстан | 208,8 | 210,0 | 224,0 | 240,0 |
Қарағанды | 172,2 | 195,0 | 210,0 | 230,0 |
Қостанай | 509,3 | 559,0 | 581,0 | 604,0 |
Қызылорда | 69,4 | 74,0 | 78,0 | 82,0 |
Маңғыстау | 0,1 | - | - | - |
Павлодар | 263,7 | 264,0 | 282,0 | 302,0 |
Солтүстік Қазақстан | 293,0 | 405,0 | 420,0 | 435,0 |
Түркістан | 229,9 | 230,0 | 246,0 | 263,0 |
Ұлытау | 5,1 | 5,0 | 5,0 | 5,0 |
Астана қаласы | 0,8 | - | - | - |
Шымкент қаласы | 2,1 | 2,1 | 2,1 | 2,1 |
ҚР бойынша жиыны | 3 077,3 | 3 321 | 3 475 | 3 648 |
|---|
Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру: күріш, мың га
Өңірлер | 2025 жыл (факт) | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Алматы | 7,7 | 5,8 | 5,2 | 4 |
Жетісу | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 |
Қызылорда | 80,9 | 70,0 | 70,0 | 70,0 |
Түркістан | 10,9 | 3,5 | 3 | 2,5 |
ҚР бойынша жиыны | 100,5 | 80,3 | 79,2 | 77,5 |
|---|
Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру: қант қызылшасы, мың га
Өңірлер | 2025 жыл (факт) | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Алматы | 0,2 | 0,2 | 0,2 | 0,2 |
Жетісу | 12,2 | 12,2 | 15,5 | 16,0 |
Жамбыл | 6,6 | 8,5 | 23,5 | 24,0 |
ҚР бойынша жиыны | 19,1 | 20,9 | 39,0 | 40,0 |
|---|
Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру: картоп (АШТӨ), мың га
Өңірлер | 2025 жыл (факт) | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Абай | 1,9 | 2,5 | 2,7 | 3,0 |
Ақмола | 3,9 | 4,1 | 4,5 | 4,9 |
Ақтөбе | 1,9 | 2,1 | 2,3 | 2,5 |
Алматы | 4,6 | 4,8 | 5,2 | 5,7 |
Атырау | 0,4 | 0,5 | 0,5 | 0,6 |
Шығыс Қазақстан | 0,9 | 2,1 | 2,3 | 2,5 |
Жамбыл | 6,0 | 6,2 | 6,8 | 7,4 |
Жетісу | 3,7 | 3,8 | 4,1 | 4,5 |
Батыс Қазақстан | 1,7 | 1,9 | 2,1 | 2,3 |
Қарағанды | 10,7 | 11,2 | 12,2 | 13,4 |
Қостанай | 7,1 | 7,3 | 8,0 | 8,7 |
Қызылорда | 0,3 | 1 | 1,1 | 1,2 |
Маңғыстау | - | - | - | - |
Павлодар | 27,5 | 27,6 | 30,1 | 32,9 |
Солтүстік Қазақстан | 5,3 | 7,5 | 8,2 | 9,0 |
Түркістан | 8,7 | 11,5 | 12,5 | 13,7 |
Ұлытау | 0,1 | 0,1 | 0,1 | 0,1 |
Астана қаласы | 0,03 | - | - | - |
Алматы қаласы | - | - | - | - |
Шымкент қаласы | 0 | - | - | - |
ҚР бойынша жиыны | 84,5 | 94,2 | 103 | 112 |
|---|
| Қазақстан Республикасының агроэкономикасын дамытудың 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына 2-қосымша |
Жұмыс істеп тұрған өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі: бидай өңдеу, %
Өңірлер | 2025 жыл (факт) | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Абай | 18,0 | 23,1 | 24,7 | 26,0 |
Ақмола | 14,8 | 17,0 | 19,3 | 22,0 |
Ақтөбе | 100 | 100 | 100 | 100 |
Алматы | 100 | 85,7 | 88,5 | 90,0 |
Атырау | - | - | - | - |
Батыс Қазақстан | 66,0 | 68,4 | 69,1 | 73,0 |
Жамбыл | 38,5 | 39,4 | 40,4 | 41,0 |
Жетісу | 11,8 | 12,3 | 12,7 | 13,0 |
Қарағанды | 26,9 | 27,1 | 29,8 | 33,0 |
Қостанай | 40,3 | 40,7 | 42,6 | 45,0 |
Маңғыстау | 61,3 | 62,5 | 65,6 | 68,0 |
Қызылорда | ||||
Павлодар | 27,5 | 31,8 | 33,1 | 35,0 |
Солтүстік Қазақстан | 32,9 | 33,2 | 34,2 | 36,0 |
Түркістан | 50,3 | 52,2 | 54,8 | 56,0 |
Ұлытау | 42,1 | 44,4 | 47,6 | 50,0 |
Шығыс Қазақстан | 39,9 | 40,6 | 41,5 | 42,0 |
Алматы қаласы | 86,6 | 91,5 | 93,9 | 96,0 |
Астана қаласы | 57,2 | 60,1 | 61,6 | 62,0 |
Шымкент қаласы | 44,7 | 46,7 | 47,7 | 50,0 |
ҚР бойынша жиыны | 35,8 | 36,6 | 38,3 | 40,0 |
|---|
Жұмыс істеп тұрған өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі: майлы дақылдарды өңдеу, %
Өңірлер | 2025 жыл (факт) | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Абай | 80,9 | 81,0 | 82,4 | 85,3 |
Ақмола | 47,5 | 48,3 | 51,2 | 54,1 |
Ақтөбе | 39,6 | 44,1 | 49,6 | 52,4 |
Алматы | 57,1 | 60,4 | 66,5 | 70,5 |
Атырау | ||||
Батыс Қазақстан | 31,1 | 37,0 | 41,6 | 46,2 |
Жамбыл | 18,8 | 28,8 | 32,4 | 36,1 |
Жетісу | 33,1 | 36,7 | 39,5 | 50,8 |
Қарағанды | ||||
Қостанай | 69,0 | 69,2 | 70,1 | 71,8 |
Маңғыстау | ||||
Қызылорда | ||||
Павлодар | 15,8 | 17,3 | 24,2 | 31,1 |
Солтүстік Қазақстан | 38,6 | 38,7 | 43,2 | 49,3 |
Түркістан | 14,0 | 15,3 | 22,9 | 30,6 |
Ұлытау | ||||
Шығыс Қазақстан | 64,9 | 69,4 | 70,4 | 71,6 |
Алматы қаласы | 98,7 | 99,3 | 100,0 | 100,0 |
Астана қаласы | ||||
Шымкент қаласы | 21,4 | 22,3 | 22,3 | 28,3 |
ҚР бойынша жиыны | 50,4 | 51,0 | 53,2 | 56,3 |
|---|
Жұмыс істеп тұрған өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі: ет өңдеу, %
Өңірлер | 2025 жыл (факт) | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Абай | 80 | 83 | 84 | 86 |
Ақмола | 47 | 49 | 50 | 52 |
Ақтөбе | 88 | 90 | 91 | 93 |
Алматы | 77 | 79 | 81 | 82 |
Атырау | 32 | 37 | 39 | 41 |
Батыс Қазақстан | 88 | 90 | 91 | 93 |
Жамбыл | 31 | 31 | 33 | 34 |
Жетісу | 81 | 82 | 83 | 83 |
Қарағанды | 68 | 69 | 71 | 72 |
Қостанай | 56 | 62 | 66 | 72 |
Қызылорда | 15 | 17 | 20 | 22 |
Павлодар | 91 | 93 | 95 | 96 |
Солтүстік Қазақстан | 79 | 80 | 81 | 82 |
Түркістан | 43 | 44 | 46 | 50 |
Шығыс Қазақстан | 76 | 78 | 84 | 85 |
Алматы қаласы | 69 | 70 | 73 | 75 |
Астана қаласы | 40 | 41 | 42 | 44 |
Шымкент қаласы | 69 | 71 | 75 | 77 |
ҚР бойынша жиыны | 63 | 65 | 67 | 70 |
|---|