"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 945 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 814 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 945 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарында:

      "Кіріспе" деген бөлімде:

      бесінші абзацтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      бесінші абзацтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық жоспары);";

      "3. Қызметтің стратегиялық бағыттары" деген бөлімде:

      "1. Азық-түлік қауіпсіздігін және астық нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз етуге қатысу" деген кіші бөлімде:

      "1. Астықтың резервтік қорын ұстап тұру" деген мақсатта:

      "1. Астықтың резервтік қорын сатып алу, сақтау, жаңарту және пайдалану" деген міндетте:

      алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Сауда саясатының тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің орталықтандырылған импортын ұйымдастыру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы уәкілетті органның шешімімен астық импорты жөніндегі жалғыз оператор болып тағайындалуы мүмкін.

      Басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауды Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Мемлекет басшысының, Үкіметтің немесе уәкілетті органның тапсырмасын орындау жағдайында жүзеге асыруы мүмкін.

      Импорт бойынша оператор функциясын орындау сауданың жеңілдетілген шарттарын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы өнімдері нарығын уақтылы және жедел реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.";

      "2. Астықтың және ӘлМАТ бағасын тұрақтандыруға қатысу" деген мақсатта:

      "1. Астық нарығындағы инвестициялар (қажет болған жағдайда)" деген міндет мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-міндет. Астық нарығындағы интервенциялар (қажет болған жағдайда)

      Астық нарығында тұрақтандыру функциясын орындау шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы сатып алу немесе тауар интервенцияларын қолданатын болады. Бұл шаралар негізінен Қазақстанда астықтан жоғары өнім алынған не түсімі өте төмен болған кезеңдерде пайдаланылатын болады және ішкі бағалардың күрт құбылмалылығын төмендетуге бағытталған.

      Сатып алу интервенциялары нарықтан артық астықты алу және Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстарын қалыптастыру мақсатында жоғары өнім алған кезеңдерде қолданылатын болады, оларды кейінгі жылдары ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін пайдалануға болады немесе тауар интервенциясын жүзеге асыру қажет болмаған жағдайда сыртқы нарықтарға жеткізу үшін пайдалануға болады. Интервенция кезіндегі сатып алу бағалары астық өндірісінің шығынын барынша азайтатын есептен айқындалатын болады.

      Сатып алу және тауар интервенцияларын іске асыру барысында астық сатып алу құны оны кейіннен өткізу құнынан жоғары болатын жағдайлар туындауы мүмкін, бұл Корпорацияның қаржылық нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.

      Ішкі бағалар күрт өскен кезеңдерде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астық ресурстары, оның ішінде резервтік қордың бір бөлігі жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері (тауар интервенциясы) бойынша белгіленген бағамен жеткізу арқылы ішкі нарықтағы астыққа сұранысты қанағаттандыру үшін пайдаланылатын болады.

      Азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тауар интервенцияларын егін түсімі аз болған және бағаның маусымдық өсуі кезінде ұн тартатын кәсіпорындарға, мал және құс өсіру шаруашылықтарына арзандатылған астықты өткізу арқылы қолданатын болады.

      Мәселен, 1-ші сұрыпты ұнның, әлеуметтік нанның және түтік кеспе бағасының өсуін тежеу үшін азық-түліктік астықты (қажет болған жағдайда, мемлекеттік субсидиялар көлемін ескере отырып) арзандатылған бағамен өткізу жоспарлануда.

      Бұдан басқа, арзандатылған жемдік астық (қажет болған жағдайда) сиыр еті, тауық еті және тауық жұмыртқасы бағасының өсуін тежеу үшін құс және мал өсіру шаруашылықтарына жіберілетін болады.

      Нарықтық бағаларға байланысты бөлінетін қаржы қаражаты шегінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бағдарламалары арқылы қарақұмық жармасы, күріш және күнбағыс майы үшін шикізат сатып алынатын болады.

      Осылайша, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерінің номенклатурасы мен көлемін біртіндеп кеңейтетін, сондай-ақ арзандатылған азық-түліктік және жемдік астықты өткізу көлемін ұлғайтатын болады.

      Астық нарығында тұрақтандыру функцияларын жүзеге асыру шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қосылған құн салығын қайтару жүргізілетін болады. Бұл шаралар нарықтық тұрақтылықты қолдауға және Қазақстанның барлық азаматтары үшін тамақ өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Астық бағасын мемлекеттік реттеу қажеттігі болмаған кезде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астық сатып алуды қалыптасқан нарықтық бағалар дәлізі шегінде жүзеге асыратын болады. Бұл ретте ішкі нарықтың Азық-түлік келісімшарт корпорациясының сатып алу бағаларына сезімтал ден қоюын ескере отырып, сатып алу бағаларын негізсіз көтеру және төмендету арқылы нарықтық баға белгілеудің бұрмалануына жол бермейтін тәсіл пайдаланылатын болады.";

      "2. ӘлМАТ-қа арналған шикізат қорын қалыптастыру және өңірлердің тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жәрдемдесу" деген міндетте:

      бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган астық нарығындағы оператор ретінде айқындаған Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астықпен байланысты қызметті жүзеге асырады.

      Өзге ауыл шаруашылығы өнімдеріне негізделетін қызметті Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Мемлекет басшысының, Үкіметтің немесе уәкілетті органның тапсырмасын орындау жағдайында жүзеге асыра алады.";

      "3. Көктемгі егіс жұмыстарын (КЕЖ) жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау" деген міндет мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-міндет. Көктемгі егіс жұмыстарын (КЕЖ) жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау

      1. Форвардтық сатып алу

      Ішкі нарықты одан әрі тұрақтандыру және экспортты дамыту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің кепілдік берілген көлемін қалыптастыру мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының неғұрлым прогрессивті құралы – республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын форвардтық сатып алу жандандырылатын болады.

      АӨК субъектілерінің форвардтық сатып алу бағдарламаларына қатысуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдіктері де қамтамасыз ету ретінде қабылданатын болады. Кейіннен отандық ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың белгілі бір деңгейіне қол жеткізу кезеңінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басымдығы қатысушылары форвардтық мәмілелер шеңберіндегі міндеттемелер бойынша ортақ жауаптылықта болатын кооперативтермен жұмыс істеуге берілетін болады.

      Форвардтық сатып алу бағдарламалары арқылы отандық АШТӨ КЕЖ-ді уақтылы жүргізуге мүмкіндік беретін және елде сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін қолдауға мүмкіндік беретін жеңілдікті қаржыландыруға қол жеткізеді.

      Фермерлерді қаржылай қолдау көлемдерін кеңейту мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тартылған қаражатты қосымша пайдаланатын болады, осыған байланысты олар бойынша сыйақы мөлшерлемесін, оның ішінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының облигациялары бойынша купондық сыйақыны (мөлшерлемелер) субсидиялау есебінен тартылған қаржы қаражаты бойынша сыйақы шығыстарын азайту туралы мәселе пысықталуда.

      Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға белгіленбеген жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағаларын Корпорация басқармасы жеткізу кезеңінде нарықта қалыптасқан бағаларға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемдеріне, негізгі шекара өткелдеріндегі ұқсас позицияның экспорттық бағаларына байланысты қалыптастырады және Корпорацияның басқару органының шешімімен бекітіледі.

      2. Үш жақты форвардтық сатып алу

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сақтаудың және өткізудің толыққанды желісін құруда жеке нарыққа жәрдемдесу шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен қайта өңдеу кәсіпорындары арасында үш жақты форвардтық сатып алу іске асырылуда.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы АШТӨ-ні және (немесе) қайта өңдеу кәсіпорындарын (форвардтық сатып алу) қаржыландыратын болады, осылайша АШТӨ шикізатты тікелей қайта өңдеу кәсіпорындарына жеткізеді. Өз кезегінде қайта өңдеу кәсіпорындары ӘлМАТ-ты Корпорацияға жеткізе алады.

      Осылайша, АШТӨ өз өнімдерін кепілдендірілген түрде өткізу мүмкіндігіне ие болады, қайта өңдеу кәсіпорындары өндірістік қуаттарын жүктейді, ал Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдері мен ӘлМАТ бағасының өсуін тежей алу мүмкіндігіне ие болады.

      Форвардтық сатып алу бағдарламалары аясында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдері мен ӘлМАТ бойынша қажетті ресурстарды қалыптастырады, оның ішінде жемдік қорды қалыптастыру мақсатында жемшөп дақылдарын өндіруді ынталандырады, резервтік астық қорын уақтылы жаңарту үшін көлемдерді кепілдендірілген түрде тіркеп, жасалған экспорттық келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ететін және қалыптасқан өткізу арналары бойынша ұзақ мерзімді экспорт стратегиясын қолдауға мүмкіндік беретін ресурстарды қалыптастырады.

      Сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеудің толық циклі бар АШТӨ-мен үш жақты форвардтық сатып алуды қайта қаржыландыруға жол беріледі.

      АШТӨ-ні және (немесе) қайта өңдеу кәсіпорнын іріктеу тәртібі мен қаржыландыру өлшемшарттарын Азық-түлік келісімшарт корпорациясының органы айқындайды.";

      "4. АӨК-нің тұрақты жемшөп базасын құруға жәрдемдесу" деген кіші бөлімде:

      "1. Ішкі нарықтың жемшөпке деген қажеттілігін қанағаттандыру" деген мақсатта:

      "1. Жемдік қорды қалыптастыру және басқару" деген міндетте:

      бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Астық нарығы жөніндегі операторға жемдік қорды сақтау шығыстарын өтеу уәкілетті органның құзыретіне кіреді.";

      "Қызметтің түйінді көрсеткіштері:" мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жеткізілген жемдік астықтың көлемі, мың тонна

      тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жемдік қордың көлемі, мың тонна.";

      "5. Астық экспортының дамуына жәрдемдесу" деген кіші бөлімде:

      "1. Астық экспорты көлемінің өсуі және сыртқы өткізу нарықтарында орнығу" деген мақсатта:

      "1. Жеткізілімдерді тұрақтандыру және экспорттық операцияларды әртараптандыру" деген міндеттегі он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы дәнді және майлы дақылдарға арналған бірыңғай әрі ұзақ мерзімді экспорттық саясатты әзірлеу мен іске асыруға белсенді түрде жәрдемдесетін болады.

      Негізгі мақсат – шағын және орта фермерлердің халықаралық нарықтарға шығуына көмектесе отырып, олардың күш-жігерін біріктіру. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астықтың экспорттық партияларын шоғырландыратын және сенімді сатып алушыларды іздеуді қамтамасыз ететін делдалдың рөлін атқаратын болады. Осылайша, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлерге экспорттық нарықтарға шығуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді бағамен өткізуге көмектесетін болады.

      Алдағы уақытта орталықтандырылған экспорт үшін астықты ішкі нарықта сатып ала отырып, қызметті кең ауқымда қолдану жоспарлануда. Осы жоспарларды іске асыру үшін экспорт көлемін айтарлықтай ұлғайту және қосымша қаржы ресурстарын тарту қажет болады.";

      "6. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметінің тиімділігін арттыру" деген кіші бөлімде:

      "2. Корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру" деген мақсатта:

      "2. Адами капиталды дамыту" деген міндетте:

      алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшылық лауазымдарындағы әйелдердің үлесі, %.";

      "4. Қызметтің түйінді көрсеткіштері" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бөлім. Қызметтің түйінді көрсеткіштері

      Стратегиялық даму бағыттары шеңберінде әрбір стратегиялық мақсат үшін Даму жоспарында қызметтің түйінді көрсеткіштері (бұдан әрі – ҚТК) белгіленген.

Р/с №

ҚТК

Өлшем бірлігі

2020 жыл (бағалау)

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

2029 жыл

2030
жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1-стратегиялық бағыт. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және астық нарығын тұрақтандыруға қатысу

1-мақсат. Астықтың резервтік қорын ұстап тұру

1

Тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы

мың тонна

500

500

500

500

500

500

500

500

500

500

500


жағдай бойынша азық-түліктік астықтың резервтік қорының көлемі













2-мақсат. Астық пен ӘлМАТ бағасын тұрақтандыруға қатысу

2

ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу көлемі

мың тонна

315

330

335

340








3

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолдау бағдарламаларымен қамтылған ауыл шаруашылығы

мың тонна





800*

310

400

280

360

260

330

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


өнімдерінің, оның ішінде ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын өнімдердің көлемі













4

Форвардтық сатып алу бағдарламасын қаржыландырудың жалпы көлемінен үш жақты форвардтық сатып алуды қаржыландыру үлесі

%





10

5

7

10

15

20

25

5

Өңірлердің азық-түліктік және жемдік астыққа деген қажеттілігін қамтамасыз ету

%





100

100

100

100

100

100

100

2-стратегиялық бағыт. Егіс алқаптарын әртараптандыруға жәрдемдесу

1-мақсат. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісін ынталандыру

6

Форвардтық сатып алу бағдарламалары

млн га

2,6

2,7

2,8

2,9








1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


бойынша қаржыландырылған егіс алқаптары













7

Форвардтық сатып алу бағдарламасын қаржыландыру шеңберінде монодақылдың (бидай) үлесін азайту

%





81

92

89

85

82

78

75

4-стратегиялық бағыт. АӨК-нің тұрақты жемшөп базасын құруға жәрдемдесу

1-мақсат. Ішкі нарықтың жемшөпке деген қажеттілігін қанағаттандыру

8

Құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы

мың тонна

55

90

100

110








1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


субъектілеріне жеткізілген жемдік астықтың көлемі













9

Тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жемдік қордың көлемі

мың тонна





200

200

200

200

200

200

200

5-стратегиялық бағыт. Астық экспортының дамуына жәрдемдесу

1-мақсат. Астық экспорты көлемінің өсуі және сыртқы өткізу нарықтарында орнығу

10

Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттық нарықтарға ілгерілету

мың тонна

≥100

≥150

≥175

≥190

≥205

≥ 220

≥ 235

≥ 250

≥ 265

≥ 280

≥ 295

6-стратегиялық бағыт. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметінің тиімділігін арттыру

1-мақсат. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету

11

ROE

%

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

12

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі негізгі капиталға инвестициялар

млн теңге

514

504

518

582

543

320

362

372

381

381

388

12

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі негізгі капиталға инвестициялар

млн теңге

514

504

518

582

543

320

362

372

381

381

388

13

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі еңбек өнімділігі

1 жұмыскерге шаққанда мың теңге

5 904

6 071

6 252

6 451

6 669

6 909

7 176

7 475

7 811

8 193

8 630

2-мақсат. Корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

14

Корпоративтік басқаруды бағалау

%

77

78



85



90



93

15

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшылық лауазымдарындағы әйелдердің үлесі

%




7

30

30

30

30

30

30

30

      * республикалық бюджеттен жеткілікті ақшалай қаражат бөлінген кезде";

      "Азық-түлік келісімшарт корпорациясының стратегиялық картасы" деген 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Қызметтің түйінді көрсеткіштерін есептеу әдістемесі" деген 2-қосымшада:

      "Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және астық нарығын тұрақтандыруға қатысу" деген 1-стратегиялық бағытта:

      "2. Астық пен ӘлМАТ бағасын тұрақтандыруға қатысу" деген мақсатта:

      "2. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолдау бағдарламаларымен қамтылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің, оның ішінде ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын өнімдердің көлемі" деген ҚТК-дағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолдау бағдарламаларымен қамтылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің, оның ішінде ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын өнімдердің көлемі = есепті жылы форвардтық сатып алу бағдарламалары бойынша қаржыландырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі + есепті жылы тікелей сатып алу арқылы қаржыландырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі + есепті жылы АШТӨ берген тауарлық кредиттің көлемі + мерзімі ұзартылған шарттар бойынша жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі.";

      "5. Астық экспортының дамуына жәрдемдесу" деген стратегиялық бағытта:

      "1. Астық экспорты көлемінің өсуі және сыртқы өткізу нарықтарында орнығу" деген мақсатта:

      "1. Стратегиялық өткізу нарықтарына астық жөнелтудің ең аз көлемі" деген ҚТК мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-ҚТК. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттық нарықтарға ілгерілету.

      ҚТК қазақстандық астықтың сыртқы өткізу нарығында болуын мониторингтеу үшін есептеледі.

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      экспорттық партияларды шоғырландыру бағдарламаларын қоса алғанда, есепті жылы экспорттық нарықтарға жасалған шарттар шеңберіндегі және Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстары есебінен және консорциумдық/инвестициялық келісімдер негізінде экспортқа трейдерлер арқылы өткізілген және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі.";

      "6. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметінің тиімділігін арттыру" деген стратегиялық бағытта:

      "2. Корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру" деген мақсатта:

      "2. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшылық лауазымдарындағы әйелдердің үлесі" деген ҚТК-дағы үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Директорлар кеңесінің, басқармасының құрамындағы және құрылымдық бөлімшелер басшылары арасындағы әйелдер саны/Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Директорлар кеңесінің, басқармасының мүшелері мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының жалпы саны*100.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 1 қазандағы
№ 814 қаулысына
қосымша 1-қосымша

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының стратегиялық картасы

Мақсат қою құжаттары ("Қазақстан – 2050" пайымы, Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы)

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары (Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы)

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары (мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары)

Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін өзге де құжаттар (тұжырымдамалар, ұлттық жобалар, мемлекеттік бағдарламалар, доктриналар (стратегиялар), кешенді жоспарлар, Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар)

Даму жоспарында көзделген компания қызметінің түйінді көрсеткіштері (бұдан әрі – ҚТК)

Құжаттың атауы

Басымдық

Міндет

Бастама//нысаналы индикатор

Құжаттың атауы

Мақсат

Негізгі қағидаттар/бағыттар

Басымдық/мақсат/міндет

Түйінді ұлттық индикаторлар

Құжаттың атауы

Бағыттар

Мақсаттар/міндеттер/ресурстар

Нысаналы индикаторлар /нәтижелер көрсеткіштері

Құжаттың атауы

Іс-шара/
индикатор

"Қазақстан – 2050" пайымы

Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет

Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін атап өтемін
 

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

3-мақсат. Өсудің жаңа нүктелері

Негізгі 3.2-қағидат. Агроөнеркәсіптік кешен

1-басымдық. Ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану тиімділігін арттыру

5-көрсерткіш. Халықтың ақшалай шығыстарының құрылымындағы азық-түлік тауарларына арналған шығыстардың үлесі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары

АӨК өндірісінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау

1-мақсат. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс факторларының экономикалық қолжетімділігін арттыру

1-индикатор. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Нысаналы 6-индикатор. Азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз етілу деңгейі 26-іс-шара. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін 800 мың тонна көлемінде қолдау жөніндегі іс-шараларды жыл сайын жүзеге асыру үшін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ға 100 млрд теңге сомасында бюджеттік кредит бөлу

Тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша азық-түліктік астықтың резервтік қорының көлемі

"Қазақстан – 2050" пайымы

Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет

Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

2-мақсат. Экономиканың берік іргетасы 3-мақсат. Өсудің жаңа нүктелері

Негізгі 2.4-қағидат. Өңдеу өнеркәсібі Негізгі 3.2-қағидат. Агроөнеркәсіптік кешен

1-басымдық. Өнімдердің технологиялық күрделілігін арттыру және өндірістерді жаңғырту. 1-басымдық. Ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану тиімділігін арттыру

25-көрсерткіш. Инновация саласындағы белсенділік деңгейі 5-көрсерткіш. Халықтың ақшалай шығыстарының құрылымындағы азық-түлік тауарларына арналған шығыстардың үлесі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары

АӨК өндірісінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау

1-мақсат. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс факторларының экономикалық қолжетімділігін арттыру

1-индикатор. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Нысаналы 6-индикатор. Азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз етілу деңгейі 25-іс-шара. Тауарлық интервенцияларды жүргізу 26-іс-шара. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін 800 мың тонна көлемінде қолдау жөніндегі іс-шараларды жыл сайын жүзеге асыру үшін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ға 100 млрд теңге сомасында бюджеттік кредит бөлу Нысаналы 13-индикатор. Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі 49-іс-шара. Мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандыру

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолдау бағдарламаларымен қамтылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің, оның ішінде ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын өнімдердің көлемі

"Қазақстан – 2050" пайымы

Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет

Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына – экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

3-мақсат. Өсудің жаңа нүктелері

3.2-негізгі қағидат. Агроөнеркәсіптік кешен

4-басымдық. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді ынталандыру

5-көрсерткіш. Халықтың ақшалай шығыстарының құрылымындағы азық-түлік тауарларына арналған шығыстардың үлесі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары

АӨК өндірісінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау

1-мақсат. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс факторларының экономикалық қолжетімділігін арттыру

1-индикатор. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Нысаналы 6-индикатор. Азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз етілу деңгейі 23-іс-шара. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен қайта өңдеуші кәсіпорын арасында шикізатты (күнбағыс тұқымы, күріш астық және қарақұмық) үшжақты форвардтық сатып алуды енгізу

Форвардтық сатып алу бағдарламасын қаржыландырудың жалпы көлемінен үш жақты форвардтық сатып алуды қаржыландыру үлесі

"Қазақстан – 2050" пайымы

Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет

Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына – экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

3-мақсат. Өсудің жаңа нүктелері

Негізгі 3.2-қағидат. Агроөнеркәсіптік кешен

4-басымдық. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді ынталандыру

20-көрсеткіш. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспорты, млрд АҚШ доллары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары

АӨК өндірісінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау

1-мақсат. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс факторларының экономикалық қолжетімділігін арттыру

1-индикатор. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Нысаналы 6-индикатор. Азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз етілу деңгейі 25-іс-шара.Тауарлық интервенцияларды жүргізу

Өңірлердің азық-түліктік және жемдік астыққа деген қажеттілігін қамтамасыз ету

"Қазақстан – 2050" пайымы

Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет

Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына – экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

3-мақсат. Өсудің жаңа нүктелері

Негізгі 3.2-қағидат. Агроөнеркәсіптік кешен

4-басымдық. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді ынталандыру

5-көрсерткіш. Халықтың ақшалай шығыстарының құрылымындағы азық-түлік тауарларына арналған шығыстардың үлесі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары

АӨК өндірісінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау

1-мақсат. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс факторларының экономикалық қолжетімділігін арттыру

1-индикатор. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Нысаналы 1-индикатор. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2020 жылмен салыстырғанда 3 есеге арттыру 3-іс-шара. Жоғары рентабельді (майлы дақылдар, көкөніс, бақша дақылдары, жемшөп дақылдары) дақылдар алқаптарын ұлғайтуды және суды көп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын (күріш, мақта) қысқартуды көздейтін өсімдік шаруашылығында әртараптандыру жүргізу

Форвардтық сатып алу бағдарламасын қаржыландыру шеңберінде монодақылдың (бидай) үлесін азайту

Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы

Төмен көміртекті дамудың секторлық тәсілдері мен пайымы
 

Ауыл және орман шаруашылығы

Ауыспалы егістерді өзгертуді және ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруды қоса алғанда (бірақ онымен шектелмей), әсіресе мал шаруашылығын басқаруды жақсарту және ирригация жүйелерін кеңейту бөлігінде ауыл шаруашылығын орнықты жүргізу практикасын кеңейту талап етіледі

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

3-мақсат. Өсудің жаңа нүктелері

Негізгі 3.2-қағидат. Агроөнеркәсіптік кешен

3-басымдық. Мал шаруашылығының ауқымын кеңейту
 

20-көрсеткіш. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспорты, млрд АҚШ доллары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары

АӨК өндірісінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау

1-мақсат. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс факторларының экономикалық қолжетімділігін арттыру

1-индикатор. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Нысаналы 20-индикатор. Тұқымды өзгертумен қамтылған аналық мал басының үлесі 65-іс-шара.200 мың тонна көлемінде жемшөп қорын құру

Тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жемдік қордың көлемі

Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы

Төмен көміртекті дамудың секторлық тәсілдері мен пайымы

Ауыл және орман шаруашылығы

Азық-түлік қауіпсіздігін қосымша қамтамасыз ету үшін агроорман шаруашылығының және органикалық ауыл шаруашылығының практикалары кеңейтіледі, "өндіруші – тұтынушы" тізбегі қысқартылады

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

3-мақсат. Өсудің жаңа нүктелері

Негізгі 3.2-қағидат. Агроөнеркәсіптік кешен

5-басымдық. Экспортты қолдау

20-көрсеткіш. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспорты, млрд АҚШ доллары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары

АӨК өндірісінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау

1-мақсат. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс факторларының экономикалық қолжетімділігін арттыру

3-индикатор. АӨК өнімі экспортының көлемі

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Нысаналы 6-индикатор. Азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз етілу деңгейі
24-іс-шара. Қазақстандық астықты экспортқа шығару бойынша "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ қызметін жандандыру

Стратегиялық өткізу нарықтарына астық жөнелтудің ең аз көлемі

Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы

Төмен көміртекті дамудың секторлық тәсілдері мен пайымы
 

Ауыл және орман шаруашылығы

Ауыспалы егістерді өзгертуді және ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруды қоса алғанда (бірақ онымен шектелмей), әсіресе мал шаруашылығын басқаруды жақсарту және ирригация жүйелерін кеңейту бөлігінде ауыл шаруашылығын орнықты жүргізу практикасын кеңейту талап етіледі

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

3-мақсат. Өсудің жаңа нүктелері

Негізгі 3.2-қағидат. Агроөнеркәсіптік кешен

1-басымдық. Ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану тиімділігін арттыру

5-көрсерткіш. Халықтың ақшалай шығыстарының құрылымындағы азық-түлік тауарларына арналған шығыстардың үлесі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары

АӨК өндірісінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау

1-мақсат. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс факторларының экономикалық қолжетімділігін арттыру

1-индикатор. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі
 
5-индикатор. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың өсуі

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Нысаналы 6-индикатор. Азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз етілу деңгейі 26-іс-шара. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін 800 мың тонна көлемінде қолдау жөніндегі іс-шараларды жыл сайын жүзеге асыру үшін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ға 100 млрд теңге сомасында бюджеттік кредит бөлу

ROE

"Қазақстан – 2050" пайымы

"Қазақстан–2050" Стратегиясы – тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт

Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу,
инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу
принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

Экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал құру. Инвестициядан алынатын кірістілік пен қайтарым

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

3-мақсат. Өсудің жаңа нүктелері

Негізгі 3.2-қағидат. Агроөнеркәсіптік кешен

5-басымдық. Экспортты қолдау

30-көрсеткіш. Негізгі капиталға инвестициялар (НКИ), ЖІӨ-ден

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары

АӨК өндірісінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау

1-мақсат. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс факторларының экономикалық қолжетімділігін арттыру

1-индикатор. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі
5-индикатор. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың өсуі

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Нысаналы 12-индикатор. Тамақ өнімдерін өндіруде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің 3,4 есеге өсуі 1-бағыт. Инвестиция тарту экожүйесін одан әрі дамыту 1-іс-шара. Бейінді ОМО, ЖАО және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін инвестициялық ұсыныстарды жүйелі түрде қалыптастыру бойынша міндеттемелерді енгізу

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі негізгі капиталға инвестициялар

"Қазақстан – 2050" пайымы

"Қазақстан–2050" Стратегиясы – тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт

Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу
принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

Экономикалық және басқару шешімдерін түгелдей экономикалық мақсаттылық және ұзақ мерзімді мүдделер тұрғысында қабылдау

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

4-мақсат. Экономика мен қоғамның түпкілікті түрленуі

Негізгі 4.5-қағидат. Заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру

3-басымдық. Мемлекеттік қызметтің толыққанды гибридті моделіне көшу арқылы мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру

3-көрсеткіш. Еңбек өнімділігінің жинақталған өсу индексі, 2022=100

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары

АӨК өндірісінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау

1-мақсат. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс факторларының экономикалық қолжетімділігін арттыру

1-индикатор. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі
5-индикатор. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың өсуі

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Нысаналы 1-индикатор. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2020 жылмен салыстырғанда 3 есеге арттыру
 

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі еңбек өнімділігі

"Қазақстан – 2050" пайымы

"Қазақстан–2050" Стратегиясы – тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт

Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу,
инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу
принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

Менеждменттің жаңа құралдарын және мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқарудың қағидаларын енгізу қажет

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

4-мақсат. Экономика мен қоғамның түпкілікті түрленуі

4.5-негізгі қағидат. Заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру

Ағымдағы жағдай

39-көрсеткіш. Дүниежүзілік банктен мемлекеттік басқару тиімділігі индексінің мәні (-2,5-тен 2,5-ке дейінгі шкала бойынша)







Корпоративтік басқаруды бағалау

"Қазақстан – 2050" пайымы

Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік
кепілдіктер және жеке жауапкершілік
 

Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу

Біз бұдан әрі де елімізде әйелдердің рөлі артуы үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз. Қазіргі замандағы қазақстандық әйел қызмет істеуге ұмтылуы керек

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

4-мақсат. Экономика мен қоғамның түпкілікті түрленуі

4.5-негізгі қағидат. Заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру

Ағымдағы жағдай

38-көрсеткіш. 0-ден 1-ге дейінгі шкала бойынша World Justice Project-тен құқық үстемдігі индексінің мәні





2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы

Нысаналы 8-индикатор. Биліктің атқарушы, өкілді және сот органдарында, мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшылық лауазымдарындағы әйелдердің үлесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады