Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ақтау қаласында Ресей Федерациясының Бас консулдығын құру туралы нота алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ақтау қаласында Ресей Федерациясының Бас консулдығын құру туралы нота алмасу нысанындағы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 735 қаулысымен мақұлдаған |
|
Жоба |
№ |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне өзінің ілтипатын білдіреді және 2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығын және Қазақстан Республикасы, Орал қаласында Ресей Федерациясының Консулдығын ашу туралы келісімге 2024 жылғы 20 мамырда Астанада жасалған хаттаманың күшіне енуіне байланысты келесіні хабарлауды мәртебе санайды: |
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
Мәскеу қаласы
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясын, 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Консулдық конвенцияны негізге ала отырып, сондай-ақ өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында Ресей Федерациясының аталған консулдық мекемесін ашу және оның консулдық функцияларын орындауы үшін барлық қажетті көмек пен мүмкіндіктерді ұсынады. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 735 қаулысымен мақұлдаған |
|
Жоба |
№ |
Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің ілтипатын білдіреді және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің № мынадай мазмұндағы нотасын алғанын растайды: |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
Астана қаласы